Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу (13 сағ)

Мектеп: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Айтимова Ү.Н

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1

көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу;

8.1.1.2

көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- көпбұрыш анықтамасын және оның элементтерін біледі;

- кез келген дөңес көпбұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысын табады;

- базалық есептер шығара алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • көпбұрыш анықтамасын біледі;
  • ұсынылған фигуралардан көпбұрышты бөліп ала алады;
  • көпбұрыштың барлық элементтерін дұрыс көрсетеді;
  • дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштары қосындысының формуласын біледі;
  • көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштар қосындысының формуласын қорытып шығарады және есептерді шығаруда қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

- бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.

Пәндік лексика мен терминология

- көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш;

- дұрыс көпбұрыш;

- дөңес, дөңес емес көпбұрыш;

- көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар;

- диагональ;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ...;

- көпбұрыш дөңес болады, себебі...;

- көпбұрыш дұрыс болады, егер ...;

- берілген n- бұрыштыңn ... болады;

Құндылықтарды дарыту

Алға қойған мақсатқа жету, сыйластық, өмір бойы білім алу, бірлесе жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыстар

Сызу сабағы, тарих, биология, химия, архитектура.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу.Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдей білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

Өздеріңе белгілі фигураларды: үшбұрыштар, тіктөртбұрыштарды барлығын біз көпбұрыштар деп атаймыз - деп, жаңа сабақ тақырыбын анықтаймыз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарымен (оқу бағдарламасына сілтеме)таныстырылады және бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.

Презентация

(1-2-слайдтар)

Сабақтың ортасы

7 мин.

10 мин.

10 мин.

7 мин.

Жаңа сабақ меңгеру

Көпбұрыш анықтамасын, көпбұрыш элементтерін түсіндіруге келесі слайдтар қолданылады.

Жеке жұмыс

Мақсаты: Жаңа тақырыпты қарапайым жағдайда тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.

Мұғалімнің әрекеті: Оқушылардың дәптердегі жұмыстарын тексеріп, қателерін түзетіп жаңа материалды жан-жақты меңгеруіне ықпал ету.

Оқушының әрекеті: Жеке дәптерлеріне тапсырмаларды орындау.

  • Дәптерлеріңізге дөңес алтыбұрыш салыңыз,

төбелерін A, B, C, D, E, F әріптерімен

белгілеңіз.

2. Оның барлық диагональдарын жүргізіңіз.

3. Ішкі бұрыштарын бір доғамен, сыртқы бұрыштарын

екі доғамен белгілеңіз.

Бағалау:оқушы презентацияға қарап, өзі бағалайды, ал мұғалім жеке оқушыға материалды меңгеруіне сәйкес баға береді.

Жаңа тақырыпты жалғастыру.

Табиғатта кездесетін мысалдарын қарастыру.

Топтық жұмыс

Оқушыларды түрлі-түсті көпбұрыштарды таңдау арқылы түстері бойынша топтарға бөлу.

(Топтарға зерттеу жұмысы ретінде беріледі)

  • Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?
  • Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын қалай табуға болады екен?

Мақсаты: Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу барысында оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру.

Мұғалімнің әрекеті: Әр топқа тапсырма беру, бағалау критерийін беру және жаңа тақырыпты толық меңгеруге оқушыларды бағыттау.

Оқушының әрекеті:

І топ Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын бірінші тәсілмен дәлелдейді;

ІІ топ Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын екінші тәсілмен дәлелдейді;

ІІІ топ Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын үшінші тәсілмен дәлелдейді;

Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын үш әдіспен оқушылар тақтаға шығып кезекпен дәлелдейді, жауаптарын негіздеп сыныптастарына түсіндіреді.

№2 тапсырманының дәлелдеуін әр топтан бір оқушы келесі топқа барып дәлелдейді.

Жалпы сынып болып қорытынды шығарамыз.

Бағалау: Жалпы топ жұмысын келесі топ критерий бойынша бағалайды. Бағалау критерийімен алдын ала танысу оқушылардың өз жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға көмегін тигізеді. Топ ішіндегі жұмысты сабақ соңында өзара бағалайды.

Жұппен жұмыс. Оқулықтан есептер шығару:

Мақсаты: қорытып шығарған формулаларын, бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.

Оқушының әрекеті:

Жұпта ақылдаса отырып тапсырмаларды орындайды. Экраннан ашылып, жауаптары көрінеді

Бағалау: Өз жауаптарын экрандағы жауап арқылы салыстырып, өзін-өзі бағалайды, қателіктерін жою жолдарын табады.

№29 (1,3), №30 (1,4) Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

№33, №41 Геометрия 8-сынып. Ә.Н.Шыныбеков

Топтық жұмыс Белсенді оқыту тапсырма

Бағалау критерийлері:

  • Көпбұрыштың анықтамасын біледі;
  • Көпбұрыштың ішкі бұрыштар қосындысының формуласын біледі және қолданады;
  • Көпбұрыштың сыртқы бұрыштар қосындысының формуласын біледі және қолданады;
  • Жауаптарды негіздейді.

Презентация.

(3-10-слайдтар)

Қосымша 1

(11-12-слайдтар)

(13-слайд)

Қосымша 2

Қосымша 3

(14-15-слайд)

Қосымша 4

(16-18-слайдтар)

Қосымша 5

Шыныбеков Ә.Н Геометрия 8 сынып «Атамұра» 2012;

Қосымша 6

(16-18-слайд)

Сабақтың соңы

3 мин.

Рефлексия

Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

№1 Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы төбесінен бір-бірден алынған сыртқы бұрыштарының қосындысынан екі есе кем. Көпбұрыштың неше төбесі бар екенін анықтаңдар.

Қосымша 7

(19-20-слайдтар)

Үлестірме материал

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу