Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ .
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі | Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Кесіндіні берілген қатынаста бөлу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу | |||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар біледі:
қолдана алады:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||
Құндылықтарды дарыту
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Алгебра пәні. Арифметика. Сызу сабағы. | |||||
Бастапқы білім | Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу. Кесіндінің ортасының коордиантасын таба алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақты белсендендіру. Сабақты белсендендіру. Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
Егер қандай да бір С нүктесі АВ кесіндісін қандайда бір m:n қатынаста бөледі десек, онда біз ол С нүктесінің координаталарын табу үшін екі жағдайда қарастырамыз. Яғни, С нүктесі АВ кесіндісінің арасында болуы мүмкін, немесе С – АВ кесіндісінің сыртында болуы мүмкін. Бұдан былай біз оларды «Сыртқы бөліктегі», «Ішкі бөліктегі» деп атайық. Сонда ары қарай жұмыс жасауға ыңғайлы. Міне осы сұраққа бүгінгі сабақта жауап іздейміз. Яғни, қандай да бір кесіндіні берілген қатынаста бөліп, сол бөліктің ұзындығын немесе сол кесіндіні бөлікке бөлген нүктенің координаталарын (орналасқан жерін) табу – бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты. | № 1-4 слайдтар | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут | Ұжымдық жұмыс. Жаңа сабақ Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру. Бізге мәлім дүние кесіндінің ортанүктесін табу (Слайд №3), ол кесіндіні қаққа бөлетінін білеміз. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу, яғни кесіндіні белгілі бір бөліктерге бөлу ережесі де «Кесіндіні тең бөлу» ережесінің негізінде шығады. Бұл өте қуатты геометриялық құрал болып саналады, яғни біз кесіндіні бөліп жатқан нүктенің нақты қай жерде орналсасқанын анықтай аламыз, тек бізге қатынас берілсе болғаны. Ең алдымен 1 теорема. (Ішкі бөлікте) Нүкте кесіндінің екі ұшының арасында жататын жағдайды түсіндіру. Оқушыларға №7-9 слайдтардың негізінде түсіндіру және «Қосымша 1» таратпасымен теоремалардың тәржімалануы мен дәйектемелерін бірге беру. Сонымен, осы тақырыпты бекіту үшін №1-4 есептерді шығару. | № 5-6 слайд № 7-9 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-4 есептерді жұппен оқушылар өз жұптарымен орындайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады. «Жұптық жұмыстың» жауаптары: №1. №2. №3. №4. Р нүктесі АВ кеесіндісін 2:7-ге тең қатынаста бөледі. | Қосымша 1 Есептер №10-13 слайдтарда | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Ұжымдық жұмыс. Теорема 2. (сыртқы бөлкте) Оқушыларға алдыңғы айтылған теорема секілді тақтада түсіндіріп, дәлелдеп шығуларын талап ету. Яғни 1-ші теоремадан өзгешелігін оқушылар көру керек. Тақырыпқа сай №5 еспті барлық оқушыларға шығаруларын ұсыну. Жауабы: №5 | № 14-16 слайд Қосымша 2 №17 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут | Жекелеме жұмыс Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың дұрыс жазуына назар аудару керек. Жекелеме жұмысты мына критерийлер бойынша бағалаймыз. Бағалау критерийлері:
«Жекелеме жұмыстың» жауабы: 3:2 | Қосымша 2 Жауабы №18 слайдта | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Сонымен, бүгінгі сабақта «кесіндіні берілген қатынаста бөлу» тақырыбын өттік. Кесіндіні бөлікке бөлген нүктенің коорддинаталарын табуды білдік және оны есептер шығаруда қолдануға машықтандық. Келесі сабақ осы тақырыпбе біте қайнасқан тақырып, сондықтан осы өтілген материалды мұқият оқып, «Қосымша 2» таратпасының төменгі жағынжағы «Үй тапсырмасын» орындап келіңіздер. Үй тапсырмасы (Қосымша 2: соңғы есеп) | № 19 слайд Қосымша 2 № 20 слайд | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру