Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


Үшбұрыштың ауданы

Оқу мақсаты:

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақ мақсаты:

Үшбұрыштың ауданынын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

  • үшбұрыш ауданын анықтаудың қарапайым формуласын;
  • ауданының формуласын қорытып шығаруды;

қолдана алады:

формуланы кез-келген үшбұрыш ауданын табуға

Бастапқы білім: Тіктөртбұрыштың, параллелограммның ауданы

Сабақтың барысы:

Сабақтың басы

Ұжымдық жұмыс.Сабақты белсендендіру. Теориялық білім беру.

Тірек білімдерді белсендендіру

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Оқушылар №1-3 слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Сөйтіп, оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері және дамудың жақын аймағын айқындау.

Ұжымдық жұмыс. №4-6 слайдтар

Қайталау. Өтілген тақырыптар бойынша негізгі теорияны еске түсіру.

  • Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз, егер оның табаны мен сол табанға жүргізілген биіктігі бар болса?
  • Тік бұрыштың синусы нешеге тең?
  • Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы?
  • Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?
  • Тік бұрышты үшбұрыш ауданына 2 есеп.

Топтық жұмыс (Қосымша 1, №7-10 слайдтар)

Жаңа тақырып бойынша оқушылар 3-4 баладан топтасып, тапсырмаларды орындайды.

Теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар ұсыну.

Қосымша 1

Топтық жұмыс

Теорема 2. Үшбұрыштың ауданы оның екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусының көбейтіндісінің жартысына тең.

Дәлелдеуі:

  • Кішкентай тікбұрышты үшбұрыштан С бұрышының синусын табайық:
  • Бізге белгілі формула: .
  • Енді өрнегінен биіктікті тауып , табылғанды формуласына қойсақ, онда мына теңдікті аламыз:

Дәлелденді.

Деңгей 1

Қабырғасының ұзындығы a болатын дұрыс үшбұрыштың ауданы болатынын көрсетіңіз.

  • Дұрыс үшбұрыш салып, оның тамаша қасиеттерін ескеру.
  • Оның биіктігі әрі медиана, әрі биссектриса екенін ескеру.
  • 300, 600-тық бұрыштардың қасиетін қолдану.
  • Үшбұрыш ауданының жалпы формуласына (1теорема) қойып, қажеттіні көрсету.

[4]

Деңгей 2

Үшбұрыштың медианасы осы үшбұрышты тең шамалы екі үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңіз.

  • Кез келген үшбұрыш салып, оның медианасын жүргізу.
  • Медиана арқылы пайда болған екі үшбұрышты жеке-жеке қарастыру.
  • Медиананың қасиеті бойынша пайда болған екі үшбұрыштың табандарының ұзындықтарының тең екенін ескереді.
  • Биіктіктің ортақ екенін көрсете отырып, дұрыс тұжырым жасайды.

[4]

Жұптық жұмыс. (Қосымша 2)

Жанындағы отырған оқушымен талдай отырып шығаруға тапсырма беру.

Қосымша 2

Жұптық жұмыс

Торкөзде берілген үшбұрыштардың аудандарын есептеңіздер. Мұндағы әрбір торкөз бірлік шаршыға тең.

1

Жауабы: ____6____

№2

Жауабы: ____3____

№3

Жауабы: ____2____

№4

Жауабы: ____2,5____

№5

Жауабы: ____5____

6

Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы төбедегі бұрышы 300. Ал ауданы 200 см2.

Жауабы: см

7

Қабырғалары 3 см және 7 см, осы екі қабырғасының арасындағы бұрышы 30° болатын үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Жауабы: 5,25 см2

8

Үшбұрыштың барлық орта сызықтары жүргізілген. Орта сызықтардан құралған үшбұрыштың ауданы берілген үшбұрыштың ауданының қандай бөлігін құрайды?

Жауабы: төрттен бір бөлігін.

9

Үшбұрыштың ауданы 48 см2. Ұзындығы 32 см болатын қабырғасына түсірілген үшбұрыштың биіктігін табыңыз.

Жауабы: 3

Теңшамалы үшбұрыштарды көрсетіңіз.

Жауабы: а), г), е), ж), з). б), д).

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. Формулаларды жаттап келу

Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлітпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында параллелограммның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу