Циклоалкандар. Химия, 11 сынып, қосымша материал.
«ЦИКЛОАЛКАНДАР»
Циклоалкандар – құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер.
Жалпы формуласы - СnH2n
Барлық С атомдарының гибридтену түрі - sp3,
Байланыс ұзындығы 0,154нм, С-С және С-Н байланыстары σ-байланыс болып табылады.
Циклоалкандардың номенклатурасы
- Циклоалкандарды сәйкес алкан атауларына цикло- деген сөз қосып атайды.
- Егер бүйір тізбектері болса, онда олардың орны көрсетіліп, аты аталады.
- Егер бүйір тізбекте бір ғана орынбасушы болса, онда оның орны көрсетілмейді.
- Егер бүйір тізбекте екі орынбасушы болса, онда олар аттарына сәйкес алфавиттік тәртіп бойынша номерленеді.
- Егер бүйір тізбекте үш немесе одан да көп орынбасушылар болса, оларды сандардың қосындысы ең аз болатындай номерленеді, содан кейін орынбасарлар алфавиттік ретпен аталады.
Изомерия түрлері – көміртек қаңқасының изомериясы
- классаралық (алкендермен)
- кеңістіктік (цис-транс).
- Көміртек қаңқасының изомериясы
- Сақинаның өлшемі бойынша:
- Бүйір тізбек бойынша:
- Орынбасушылардың сақинадағы орны бойынша:
- Алкендермен класаралық изомерлері:
- Кеңістіктік (цис-транс).
цис-1,2-диметилциклопентан транс-1,2-диметилциклопентан
Физикалық қасиеттері
Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен циклобутан газдар, кейінгілері — сұйық заттар, жоғары циклоалкандар — қатты заттар. Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес алкандар мен алкендерден жоғары. Алкандар сияқты бұлар да суда ерімейді.
Химиялық қасиеттері
Әрекеттеседі | Реакция теңдеуі |
(Алкандармен ортақ қасиеті) (С-Н байланысының үзілуі) (үлкен циклдерге тән, мұнда С ≥5 ) |
(йодпен реакция ешқандай жағдайда жүрмейді) + Br2 Br + НBr циклопентан бромциклопентан
+ HO-NO2 NO2 + Н2O циклопентан нитроциклопентан |
(циклдің үзілуімен жүреді) (шағын циклдерге тән, мұнда С =3,4) |
+Br2 Br -СН2-СН2-СН2- Br циклопропан 1,3-дибромпропан
+ H2 H3С-СН2-СН3 циклопропан пропан
+ HCl H3С-СН2-СН2-Cl циклопропан хлорпропан |
| 1. Жану (толық тотығу): Жалпы теңдеу СnН2n + О2= nС02 +nН2О +Q |
|
+ 3Н2
циклогексан бензол |
Алу жолдары
- Дигалогеналкандарды металдармен (Zn, Mg) әрекеттестіріп, үш- және төртмүшелі циклоалкандарды алады:
Сl–CH2–CH2–CH2–Cl + Zn → + ZnCl2
1,2-дихлорпропан циклопропан
- Ароматты көмірсутектеді гидрлеу арқылы алады.
+ 3Н2
бензол циклогексан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру