Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Шажанбаева Сауле Ермаганбетовна

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.1.3.5 - мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Жасушадағы мембраналық тыныштық потенциал мен әрекет потенциалын сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • Мембраналық тыныштық потенциалының сақталуындағы активті тасымалдың ролін түсіндіреді.
  • Мембраналық тыныштық потенциал мен әрекет потенциалын ажыратады.
  • Мембраналық тыныштық потенциалы мен әрекет потенциалының қызметтерін тұжырымдайды.

 Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Жүйке импульстері нейрон бойымен қалай таралатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология:

Еnglish

Russian

Kazakh

Resting membrane potential

Мембранный потенциал покоя

Мембраналық тыныштық потенциалы

Action potential

Потенциал действия

Әрекет потенциалы

Polarization

Поляризация

Поляризация

Depolarization

Деполяризация

Деполяризация

Repolarization

Реполяризация

Реполяризация

Hyperpolarization

Гиперполяризация

Гиперполяризация

Na+/K+ pump

Натрий-калиевый насос

Натрий - калий сорғысы

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Неліктен кернеулі иондық каналдар деп аталған?
  • Натрий-калий сорғысының жұмысы қандай?
  • Жүйке талшықтарының мембраналық өткізгіштігі немен байланысты?
  • Иондық канал неден тұрады?
  • Барлығы немесе мүлде жоқ заң нені білдіреді?

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Химия

Алдыңғы білімдер:

Жасушалық биология – 9 – 10 сыныптар

Молекулалық биология – 9 – 10 сыныптар

Тасымалдау – 7 – 10 сыныптар

Координация және регуляция – 10 сынып

Қоректену – 9 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

10-15 минут

15-25 минут

Сабақтың ортасы

25-33 мин

(С) Оқушыларға натрий-калийлі сорғы мен активті тасымал жөнінде сұрақтар қойып, өткен білімдерін тексеріңіз.

Талқылау үшін сұрақтары:

  • Активті тасымал пассивті тасымалдан қалай ерекшеленеді?
  • Натрий-калий сорғысының әрекет ету механизмін түсіндіріңіз.

Электрохимиялық потенциалдың теңесуі жөнінде видеоматериалды қараңыз:

Жұптық жұмыс «Талқылау сұрағы»

  • Мембрана бетінде әртүрлі электрлі потенциалдардың жиналуы неге байланысты?

Мақсатты тұжырымдауЖаңа тақырып пен оқу мақсаттарын айқындау

(2 мин)

Тыңдалым стратегиясы ( 2 мин)

Бірінші кезекте студенттер бақылайды, жасушаның ішкі және сыртқы электрохимиялық градиенті арқылы жүйке жүйесінің нейрондары үшін маңызды әрекет потенциалын қалыптастырудың барлық механизмінің түсіндірілуін

Бейне жазбаны қөргенен кейінгі іс әрекет

(3 мин)

  • Жасушадағы мембраналық тыныштық потенциал мен әрекет потенциалын жұпта талқылап, ажыратады.

(Т) (ҚБ) Ақпараттық материалды 5 минут көлемінде оқу.

Оң бағандағы сөздерді сол бағандағы анықтамалармен сәйкестендіру.

Ион каналдары

  • нейрон арқылы берілетін электр сигналдары

Реполяризация

  • кернеудің өзгеруіне жауап ретінде ашылатын және жабылатын кернеуге сезімтал қақпалары бар каналдар

Тыныштықтағы нейрон

  • арнайы иондар өтетін каналдар

Барлығы немесе мүлде жоқ

  • жүйке импульсін өткізбейтін нейрон

Жүйке импульстері

  • Әрекет мөлшері әрқашан бірдей болғанымен, қаншалықты күшті стимулға байланысты болады.

Кернеулі иондық каналдар

  • потенциалдар айырмасының тыныштық потенциалына оралуы

https://www.youtube.com/watch?v=4kx9_0YwShE

https://www.youtube.com/watch?v=OZG8M_ldA1M

3.24-8.02 мин

Сабақтың соңы

33-38 мин

(ҚБ)Оқушыларға блум таксономиясы негізінде төмен ойлау деңгейі және жоғары ойлау деңгейі дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар беріледі.

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия «ББҮ» кестесі

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

Мен не білемін

Нені білгім келеді

Мен не үйрендім

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың білімін бағалау үшін оқушыларға төмен ойлау деңгейі және жоғары ойлау деңгейі тапсырмалары беріледі.

Білімді қайта жаңғырту мақсатында Оқушыларға натрий-калийлі сорғы мен активті тасымал жөнінде сұрақтар қойып, өткен білімдерін тексеремін. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жауаптарын мұғалімнің көмегімен өзара бағалайды. Талқылауға арналған тапсырмалар оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытады және ой бөлісуге көмектеседі. Мембраналық тыныштық потенциалы мен әрекет потенциалына қатысты сөздер мен анықтамаларды сәйкестендіреді.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу