Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, презентация.
Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері
Оқу мақсаты:
10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;
Сабақ мақсаты:
Кездейсоқ шама ұғымын білу;
Кездейсоқ шамалар түрін ажырату және оларға мысалдар келтіре алу;
Дискретті кездейсоқ шама мен үзіліссіз кездейсоқ шаманы салыстыру және оған мысалдар келтіру;
Кездейсоқ шамаларға есептер шығару.
Сынау нәтижесінде мүмкін болатын мәндерден алдын-ала белгісіз бір ғана мәнді тәжірбие нәтижесіне байланысты қабылдайтын шаманы кездейсоқ шама деп атаймыз.
Кездейсоқ шамалар дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар деп екіге бөлінеді.
Дискретті кездейсоқ шама деп белгілі
ықтималдықтары бар жеке, дербес мәндерді қабылдай алатын
шаманы айтамыз.
Мысалы, ойын лақтырудағы нәтижелер – дискретті кездейсоқа шама .
Үзіліссіз кездейсоқ шама деп сынақ нәтижесінде кейбір сандық аралықтан барлық мәндерді қабылдайтын кездейсоқ шаманы айтадаы. Үздіксіз кездейсоқ шаманың ықтимал мәндерінің саны шексіз.
Мысалы, желдің жылдамдығы немесе судың көлемі және т.т.с – үзіліссіз кездейсоқ шама болып табылады.
Келесі берілген мысалдар кездейсоқ шамалар болып табылатынын анықта, егер кездейсоқ шама болып табылса оның түрін анықта.
Жарық жылдамдығы–
Механикалық роботтың жұмыс уақыты-
Бақылау жұмысындағы қателіктер саны-
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы-
Астана-Алматы арақашықтығы-
Сәуір айындағы күндер саны-
Жұптық жұмыс
Келесі сөйлемдерді толықтырыңыз:
Мен бүгін білдім…
• Қызықты болды…
• Қиын болды…
• Мен тапсырмалдарды…
• Енді мен…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру