«Статистика элементтері» тарауын қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Статистика элементтері» тарауын қайталау

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Деректерді интервалды кесте түрінде ұсына алады;
  • Жиілік алқабы мен гистограммасын сала алады;
  • Статистикалық кестенің деректері бойынша жинақталған жиілікті таба алады;
  • Сандық қатардың арифметикалық ортасын, медианасын, модасын, ауқымын таба алады;
  • Дисперсия мен стандартты ауытқуды таба алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Деректерді интервалды кесте түрінде ұсынады;
  • Жиілік алқабы мен гистограммасын салады;
  • Статистикалық кестенің деректері бойынша жинақталған жиілікті табады;
  • Сандық қатардың арифметикалық ортасын, медианасын, модасын, ауқымын табады;
  • Дисперсия мен стандартты ауытқуды табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар статистикалық жиілік кестелерін, соның ішінде жинақталған жиілік кестелерін құруды түсіндіреді, жиілік алқабы мен жиілік гистограммасын салуды түсіндіреді, дисперсия мен стандартты ауытқуды есептеуді түсіндіреді, дисперсияны табу арқылы орта мәннен шашыраңдылықты талдайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Алқап, гистограмма, жинақталған жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия, стандартты ауытқу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Жинақталған жиілікті табу үшін ...

Дисперсия ... көрсетеді.

Стандартты ауытқу ... көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Статистикалардың байланысын басқа ғылымдармен байланысы арқылы көрсетуге болады, оқушыларға кейбір салалар туралы айтуға болады, мысалы олар, биологиялық статистика, экономикалық статистика және т.б.

Бастапқы білім

Оқушылар «Статистика элементтері» тарауын оқып шықты. Берілген сабақ өтілген материалды қайталау үшін бағытталған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Уәжді көтеру сәті.

Мұғалім оқушыларға әртүрлі ғылымдар мен өмірдегі статистика туралы айтады, ол үшін келесі сұлбаны көрсетеді.

3. Фронталды сұрау.

Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды. Оқушылардың әрбір жауабынан кейін мұғалім кері байланыс ұсынады, қажеттілігінше оқушылар жауабын түзетеді немесе толықтырады.

  • Жалпы жиынтық дегеніміз не?
  • «Таңдама» ұғымының мағынасын айтыңыз?
  • Вариациялық қатар дегеніміз не?
  • Деректерді ұсынудың негізгі әдістерін атаңыз.
  • Гистограмма нені көрсетеді? Дөңгелек диаграмма?
  • Жинақталған жиілік нені көрсетеді?
  • Жинақталған жиіліктерді қалай есептейді?
  • Жинақталған жиілктерді көрсететін қисықты қалай атайды?

Презентация

Слайд 1-2

Презентация

Слайд 3-4

Презентация

Слайд 5-13

Сабақтың ортасы

8-38 мин

4. Есеп шығару.

Мұғалім оқушыларға «Статистика элементтері» бөлімі бойынша әртүрлі есептерді шешуді ұсынады, онда сандық қатарлардың келесідей сипаттамаларын табады: арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия, стандартты ауытқу, жинақталған жиілік, сонымен қатар, статистикалық кестелер мен гистограммаларды салады.

Оқушылар өз беттерімен есептерді шешеді. Мұғалім оқушыларға көмек көрсете алады. Кейбір есептер бүкіл сыныппен талқыланады, тақтада шығарады.

Мұғалім анықталған критерийлер бойынша бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Сандық қатардың арифметикалық ортасы, модасы, медианасымен байланысты есептерді дұрыс шешеді;
  • Жиілік кестесі түрінде берілген деректердің салыстырмалы жиіліктерін табады;
  • Жиілік кестесі түрінде берілген деректердің жинақталған жиіліктерін есептейді;
  • Жиіліктің интервалдық кестесі бойынша гистограмманы салады;
  • Интервалдық кесте деректерін гистограмма арқылы орнына келтіреді;
  • Дисперсия/стандартты ауытқуды есептейді;
  • Сандық қатарлардың дисперсияларын/ стандартты ауытқуларын есептейді;
  • Есептің контекстіне байланысты қорытынды жасайды.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

    • мин

5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Өздеріңіздің «Статистика элементтері» бөлімі бойынша білім және білік деңгейлеріңізді бағалаңыз.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 14

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу