«Статистика элементтері» тарауын қайталау. Алгебра, 8 сынып, презентация. 8 сабақ.


«Статистика элементтері» бөлімін қайталау

Оқу мақсаттары:

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

Статистика вокруг нас

Статистика және басқа ғылымдар

Биометрия, немесе биологиялық статистика — биологии мен вариациялық статистика қиылысындағы ғылым, биология, медицина, денсаулық сақтау мен эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулердің статистикалық әдістерінің қолданысы.

Медициналық статистика (санитарлық статистика) медицина, гигиена мен денсаулық сақтау мәселелерін зерттейді.

Экономикалық статистика -  өндіріс экономикасы, экспорт және импорт, жұмыссыздық деңгейі, инфляция деңгейі сияқты сұрақтарды математикалық статистика әдістерімен талдау.

Демографиялық статистика - әлеуметтік-экономикалық саланың статистикасы, халық санын; халықтың тығыздығы, жыныстық, жастық құрамы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, айналысу ортасы, класқа жатқызылуы.

Деректерді ұсынудың негізгі түрлері

Статистикалық кесте

Гистограмма

Алқап

Дөңгелек диаграмма

Деректердің интервалдық қатарын гистограмма көмегімен бейнелейді. Гистограмма өз алдына тізбектей қосылған тіктөртбұрыштардан тұрады.

Гистограмма бұйымның немесе үрдістің жеке өлшемдірінің үлестірімін көрсетеді.

Әрбір баған алынған аралықтағы мәннің параметрлерінің пайда болу жиілігін көрсетеді, ал бағандар саны – алынған аралықтар санын көрсетеді.

Гистограмманың ең басты артықшылығы болып, ол өлшеніп отырған параметрлердің өзгеріс тенденциясын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу таңдамасының бөліктерінің арасындағы қатынасты көрнекі түрде көрсету үшін дөңгелек диаграмма қолданылады.

Жинақталған жиілік

Кейбір жиілік кестелерін тағы бір сипаттамамен толықтырған ыңғайлы болады, ол жинақталған жиілік.

Жинақталған жиілік таңдама элементтерінің қандай бөлігі берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер – жиіліктерді жинақтап қосудан алынады, осыдан оның атауы да шығады. Соңғы жинақталған салыстырмалы жиілік ылғи 1-ге тең. Жинақталған жиіліктерді салыстырмалы жиілік сияқты кейде процентпен де өлшейді.

Кумулята

Кумулята (жинақталған жиілік қисығы) – абсциссасы – интервалдың жоғарғы нүктесі, ал ординатасы – жинақталған жиілік болатын нүктелерді қосатын сызық.

Мысал 2.

CUMULATE (англ.яз.) – жинау, қосу

Орта тенденция өлшемдері

Мода

Арифметикалық орта

Медиана

Орта тенденция өлшемдері

МОДА – сандық қатарда ең жиі кездесетін сан.

МЕДИАНА – өсу ретімен орналасқан сандық қатардың ортасында (немесе ортасында тұрған екі санның қосындысының жартысы) орналасқан сан.

АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТА – қатардың барлық элементтерінің қосындысын олардың санына қатынасы.

Вариация өлшемдері

(Шашыраңдылық өлшемдері)

Ауқым

Стандартты ауытқу

Дисперсия

АУҚЫМ – қатардың ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.

Шашыраңдылық өлшемдері

ДИСПЕРСИЯ сандардың арифметикалық ортасынан ауытқу квадраттарының арифметикалық ортасы .

СТАНДАРТТЫ АУЫТҚУ дисперсияның квадрат түбіріне тең.

Рефлексия

Оцените свой уровень знаний и умений по изученному разделу «Элементы статистики»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу