Қайталау: Статистика элементтері. Алгебра, 8 сынып, презентация.
Бөлім: Қайталау
Тақырыбы: Қайталау: Статистика элементтері.
Оқыту мақсаты:
8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы береді;
8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің мәліметтерін жиіліктер гистограммасы арқылы береді;
8.3.3.3 жинақталған жиіліктің анықтамасын біледі;
8.3.3.4 статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдайды; дисперсия мен стандартты ауытқудың
8.3.3.5 анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын біледі;
Бағалау критерийі:
Оқушылар:
- жиіліктердің интервалдық кестесін және жиіліктер гистограммасын сала алады;
- статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдай алады;
- дисперсия мен стандартты ауытқуды есептей алады;
- стандартты ауытқу процессінің сипаттамасын түсінеді;
- деректердің өзгеруі процестің статистикалық сипаттамаларына қалай әсер ететінін түсінеді.
Оқушыларға мәселе қойылады:
Біздің сыныптың оқушыларының бойларының ұзындықтары жазылып алынды
157, 165, 165, 168, 165, 161, 165, 160, 162, 169, 171, 170, 170, 175, 173, 170, 177, 182, 186, 182, 160, 173, 165, 162, 174, 177.
А) реттелген қатар құрастыру;
Б) оқушылардың бойларының орташа мәнін, моданы, медианасын, қатар ауқымын анықтау.
Тарсия ойыны
Тапсырма 1: Ер адамдар аяқ киімінің дүкенінде бір күн бойғы сатылған аяқкиімнің бағалары тіркеліп отырылды. (теңгемен):
1200, 1100, 2300, 890, 320, 1200, 560, 1340, 1400, 1050, 1050, 4700, 3200, 2900, 2100, 2450, 890, 1110, 1200, 1200, 2300, 1050, 1400, 1200, 890, 320, 1320, 890, 1100, 1050.
А) Осы мәліметтерді абсолютті және салыстырмалы жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде беріңіз. Бағалар көрсеткішін аралығы 1000 теңге болатындай 0-ден 5000теңгеге дейін бөліп көрсетіңіз.
Ә) Салыстырмалы жиілік үшін гистограмманы салыңыз.
Б) Қандай бағалар интервалы ең әйгілі?
Тапсырма 2: Студенттердің салмағы (кг) берілген. Салыстырмалы жиілік, жинақталған жиілік кестесін және гистограммасын салыңыз.
64, 57, 63, 62, 58, 61, 63, 70, 60, 61, 65, 62, 62, 40, 64, 61, 59, 59, 63, 61.
Тапсырма 3: Кестеде шағын дүкенге бір аптадағы күнделікті сатып алушылардың саны көрсетілген. Бір аптаның қай күнінде сатып алушылардың саны жалпы сатып алушылар санының жартысынан асып түсті?
Тапсырма 4: Олжас сыныптастарының арасынан олардың теледидар көруге қанша уақыт жұмсайтынын анықтау үшін сауалнама жүргізді. Алынған нәтижелер келесі кестеде көрсетілген:
Осы мәліметтерді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз:
А) Олжастың сыныбында қанша оқушы?
Ә) Олжастың қанша сыныптасы күніне 1 сағат уақыттай теледидар алдында өткізеді?
Б) Олжастың қанша сыныптасы күніне теледидарды 1 сағат және одан төмен уақыт көреді?
В) Олжастың қанша сыныптасы теледидарды көруге ең аз уақыт жібереді?
Тапсырма 5: Диаграммада Олжастың сыныптастарының қанша кітап оқығандары туралы ақпарат берілген. Диаграмманы қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз:
А) Балалардың қайсысы ең көп кітап оқыды?
Ә) Балалардың қайсысы 4-тен көп кітап оқыды?
Б) Балалардың қайсысы ең аз кітап оқыды?
В) Балалардың қайсысы 8-ден аз кітап оқыды?
Тапсырма 6: 8 «А» сынып оқушылары үйден мектепке дейін орта есеппен қанша уақыт кетіргенін табыңыз.
Уақыт (мин)
Тапсырма 7: Екі шаманы үлестіру диаграммасы берілген:
А) Қай үлестірімде құлаш артық?
Ә) Әр үлестірімге орташа мәнін табыңыз.
Б) Әр үлестірімнің орташа ауытқуын салыстырыңыз.
Тапсырма 8: Кевин және Фелисити пазл жинауда бір-бірімен бәстеседі, әрқайсысы 20 пазл жинайды, уақыт белгіленіп отырылады (минутпен).
А) Әрқайсысының уақытының орташа мәнін табыңыз.
Ә) Әрқайсысының орташа ауытқуын табыңыз.
Б) Пазлды кім тез жинады?
В) Кім тұрақты нәтиже көрсетті?
Тапсырма 9: 1, 3, 5, 7, 4, 5, p, q бүтін сандар қатары берілген. Қатардың орташа мәні 5, ал дисперсиясы – 5.25. Егер p < q екені белгілі болса, онда p және q-дің мәндерін табыңыз.
Тексеру жұмысы
8 сынып оқушыларының бойлары өлшеніп, келесі нәтижелер алынды (сантиметрмен):
164; 176; 177; 180; 181; 179; 175; 180; 176; 165; 162; 168; 157; 185; 176; 160; 162; 158; 181; 179; 168; 164; 179; 163; 160; 176; 162; 178; 164; 182.
Таңдалым нәтижесін жиіліктердің интервал кестесі және жиіліктер гистограммасы түрінде көрсетіңіз.
Үйге тапсырма
Тапсырма 1-4
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру