Қайталау: Статистика элементтері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Қайталау

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қайталау: Статистика элементтері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы береді;

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің мәліметтерін жиіліктер гистограммасы арқылы береді;

8.3.3.3 жинақталған жиіліктің анықтамасын біледі;

8.3.3.4 статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдайды;

8.3.3.5 дисперсия мен стандартты ауытқудың анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын біледі;

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар жиіліктердің интервалдық кестесін және жиіліктер гистограммасын сала алады;

Оқушылар статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдай алады;

Оқушылар дисперсия мен стандартты ауытқуды есептей алады.

Бағалау критерийі

Оқушылар

- жиіліктердің интервалдық кестесін және жиіліктер гистограммасын сала алады;

- статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдай алады;

- дисперсия мен стандартты ауытқуды есептей алады;

- стандартты ауытқу процессінің сипаттамасын түсінеді;

- деректердің өзгеруі процестің статистикалық сипаттамаларына қалай әсер ететінін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Статистика, абсолютті жиілік, салыстырмалы жиілік, гистограмма, жиіліктердің интервалдық кестесі, дисперсия, стандартты ауытқу.

Құндылықтарды

дарыту (соның ішінде жаhандық азаматтықтың (ЖА)

негізгі элементтері

  • Оқушылардың сабақтағы мәдениетін тәрбиелеу: мұқият тыңдау және тапсырмаларды орындау
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  • Математикалық сауаттылықты дамыту

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму, әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Информатика, география.

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Диаграмма, гистограмма, жиіліктер кестесі, орташа мән.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

5 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Ребус:

- оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтау;

Дәптерге бүгінгі күн мен тақырыпты жазу.

Оқушыларға мәселе қойылады:

Біздің сыныптың оқушыларының бойларының ұзындықтары жазылып алынды

157, 165, 165, 168, 165, 161, 165, 160, 162, 169, 171, 170, 170, 175, 173, 170, 177, 182, 186, 182, 160, 173, 165, 162, 174, 177.

    • А) реттелген қатар құрастыру;

Б) оқушылардың бойларының орташа мәнін, моданы, медианасын, қатар ауқымын анықтау.

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау;

- оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийін тақтаға жазу.

Тарсия

Презентация

Сабақ ортасы.

Есептер шығару.

22 мин

Өткен тақырыпты қайталау және бекіту

Тапсырма 1: Ер адамдар аяқ киімінің дүкенінде бір күн бойғы сатылған аяқкиімнің бағалары тіркеліп отырылды. (теңгемен):

1200, 1100, 2300, 890, 320, 1200, 560, 1340, 1400, 1050, 1050, 4700, 3200, 2900, 2100, 2450, 890, 1110, 1200, 1200, 2300, 1050, 1400, 1200, 890, 320, 1320, 890, 1100, 1050.

А) Осы мәліметтерді абсолютті және салыстырмалы жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде беріңіз. Бағалар көрсеткішін аралығы 1000 теңге болатындай 0-ден 5000теңгеге дейін бөліп көрсетіңіз.

Ә) Салыстырмалы жиілік үшін гистограмманы салыңыз.

Б) Қандай бағалар интервалы ең әйгілі?

Тапсырма 2: Студенттердің салмағы (кг) берілген. Салыстырмалы жиілік, жинақталған жиілік кестесін және гистограммасын салыңыз.

64, 57, 63, 62, 58, 61, 63, 70, 60, 61, 65, 62, 62, 40, 64, 61, 59, 59, 63, 61.

Тапсырма 3: Кестеде шағын дүкенге бір аптадағы күнделікті сатып алушылардың саны көрсетілген. Бір аптаның қай күнінде сатып алушылардың саны жалпы сатып алушылар санының жартысынан асып түсті?

Апта күні

Дс

Сс

Сс

Бс

Жм

Сб

Жс

Жиілік (сатып алушылар саны)

20

42

37

55

63

70

82

Тапсырма 4: Олжас сыныптастарының арасынан олардың теледидар көруге қанша уақыт жұмсайтынын анықтау үшін сауалнама жүргізді. Алынған нәтижелер келесі кестеде көрсетілген:

Теледидар көруге жіберілген уақыт

Оқушылар саны

0

5

4

5

1

7

2 және одан да көп

12

Осы мәліметтерді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз:

А) Олжастың сыныбында қанша оқушы?

Ә) Олжастың қанша сыныптасы күніне 1 сағат уақыттай теледидар алдында өткізеді?

Б) Олжастың қанша сыныптасы күніне теледидарды 1 сағат және одан төмен уақыт көреді?

В) Олжастың қанша сыныптасы теледидарды көруге ең аз уақыт жібереді?

Тапсырма 5: Диаграммада Олжастың сыныптастарының қанша кітап оқығандары туралы ақпарат берілген. Диаграмманы қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз:

А) Балалардың қайсысы ең көп кітап оқыды?

Ә) Балалардың қайсысы 4-тен көп кітап оқыды?

Б) Балалардың қайсысы ең аз кітап оқыды?

В) Балалардың қайсысы 8-ден аз кітап оқыды?

Тапсырма 6: 8 «А» сынып оқушылары үйден мектепке дейін орта есеппен қанша уақыт кетіргенін табыңыз.

Уақыт (мин)

Тапсырма 7: Екі шаманы үлестіру диаграммасы берілген:

А) Қай үлестірімде құлаш артық?

Ә) Әр үлестірімге орташа мәнін табыңыз.

Б) Әр үлестірімнің орташа ауытқуын салыстырыңыз.

Тапсырма 8: Кевин және Фелисити пазл жинауда бір-бірімен бәстеседі, әрқайсысы 20 пазл жинайды, уақыт белгіленіп отырылады (минутпен).

А) Әрқайсысының уақытының орташа мәнін табыңыз.

Ә) Әрқайсысының орташа ауытқуын табыңыз.

Б) Пазлды кім тез жинады?

В) Кім тұрақты нәтиже көрсетті?

Тапсырма 9: 1, 3, 5, 7, 4, 5, p, q бүтін сандар қатары берілген. Қатардың орташа мәні 5, ал дисперсиясы – 5.25. Егер p < q екені белгілі болса, онда p және q-дің мәндерін табыңыз.

Таратпа

Тексеру жұмысы

10 мин

8 сынып оқушыларының бойлары өлшеніп, келесі нәтижелер алынды (сантиметрмен):

164; 176; 177; 180; 181; 179; 175; 180; 176; 165; 162; 168; 157; 185; 176; 160; 162; 158; 181; 179; 168; 164; 179; 163; 160; 176; 162; 178; 164; 182.

Таңдалым нәтижесін жиіліктердің интервал кестесі және жиіліктер гистограммасы түрінде көрсетіңіз.

Таратпа

Жауаптары

1. А.

Бағасы (теңге)

басы

Абсолютті жиілік

дейін

Салыстырмалы жиілік

0

1000

7

0,233

1000

2000

16

0,533

2000

3000

5

0,167

3000

4000

1

0,033

4000

5000

1

0,033

Ә.

Б. Ең әйгілі интервал 1000-нан 2000-ға дейін.

2.

Салмағы

Абсолютті жиілік

Жинақталған жиілік

Салыстырмалы жиілік

40 - 50

1

1

0,05

50 - 60

4

5

0,2

60 - 70

15

20

0,75

3. Бір аптадағы сатып алушылар саны 20+42+37+55+63+70+82 = 369. Сатып алушылардың саны жалпы сатып алушылар санының жартысынан асып түсетіндей апта күні жоқ.

4. А. 33 адам.

Ә. 7.

Б. 21.

В. 5 (0 сағат).

5. А. Дана

Ә. 4 (Айсулу, Алмас, Арман, Дана).

Б. Диана, Олжас.

В. 4 (Арман, Жанат, Олжас, Диана).

6.

7. А. RA=8, RB=4, А үлестіруінде құлаш артығырақ.

Ә. , .

Б. , .

8. А. , .

Ә. , .

Б. Фелисити.

В. Кевин.

9. p < q шартын қанағаттандыратын тек бір ғана жұп: p = 6, q = 9.

Тексеру жұмысы

Интервал

Жиілік

157-166

12

167-176

7

177-185

11

8 сынып оқушыларының бойлары

Рефлексия

2 мин

Мен бәрін түсіндім

Мен білемін

 

 

 

Мен келесіні түсінбедім

Маған қиын

 

 

 

Үйге тапсырма

1 мин

Тапсырма 1: Жасөспірімдер жасаған телефон қоңырауларының санын зерттеу үшін, жетінші сыныптың 50 оқушысынан сауалнама алынды. «Сіз кеше қанша қоңырау жасадыңыз?» деген сұраққа мынадай жауаптар алынды:

Саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жиілік

5

8

12

9

6

3

3

2

1

0

0

1

Алынған жиілік кестесінің деректерін пайдаланып абсолюттік жиіліктің полигоны салынды.

Қоңырау саны

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

А) Жетінші сынып оқушыларының неше пайызы мүлдем қоңырау шалған жоқ?

Ә) Жетінші сынып оқушыларының қанша пайызы 5 немесе одан да көп қоңырау шалды?

Б) Қанша қоңырау жиі кездеседі? Бұл нөмір нені көрсетеді?

В) Қоңыраулардың салыстырмалы жиілігін табыңыз және салыстырмалы жиіліктердің полигонын құрыңыз?

Тапсырма 2: Фермерлерден үй жануарларының санын зерттеу үшін сұхбат алды. «Үйде қанша үй жануарлары тұрады?» деген сұраққа келесі нәтижелер алынды: 0, 3, 1, 2, 0, 1, 0, 1, 2, 4, 0, 6, 1, 1, 0, 2, 2, 0, 1, 3, 1, 2, 1, 1, 2.

А) Абсолютті және салыстырмалы жиілігін табыңыз және жиіліктердің полигонын құрыңыз.

Ә) Сауалнамаға қанша фермалар қатысты?

Б) Қанша үй шаруашылығында үй жануарлары екіден аз?

В) Бұл мал шаруашылығында қанша үй жануарлары жиі кездеседі?

Тапсырма 3: Екі бейсбол командасының маусымына арналған матчтардың нәтижелері кестеде жазылған:

А) Екі топ үшін де голдардың құлашы мен орташа мәнінің бірдей екендігін көрсетіңіз

Ә) Қандай команда неғұрлым тұрақсыз нәтиже берді?

Б) Қандай команда неғұрлым тұрақты нәтиже берді?

В) Қандай статистикалық сипаттама бұны бағалауға мүмкіндік береді?

Тапсырма 4: 3, 9, 5, 5, 6, 4, а, 6, b және 8 сан қатары берілген. Қатардың орташа мәні 6, ал дисперсия – 3.2. Егер a < b екені белгілі болса, онда a және b -ның мәндерін табыңыз.

Жауаптары

1. А. .

Ә. 5 қоңырау: ,

5 және одан көп қоңырау: .

Б. 12 оқушы екі қоңырау шалды – ол мода.

В.

Саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Абсолютті жиілік

5

8

12

9

6

3

3

2

1

0

0

1

Салыстырмалы жиілік

0,1

0,16

0,24

0,18

0,12

0,06

0,06

0,04

0,06

0

0

0,02

2. А.

Саны

0

1

2

3

4

5

6

Абсолютті жиілік

6

9

6

2

1

0

6

Салыстырмалы жиілік

0,2

0,3

0,2

0,067

0,033

0

0,2

Абсолютті жиілік полигоны

Салыстырмалы жиілік полигоны

Ә. Сауалнамаға 30 фермер қатысқан.

Б. 15 үй шаруашылығында үй жануарлары екіден аз.

В. 1 үй жануарлары ең таралған.

3. А. R=11 және екеуінде де.

Ә. Rockets ().

Б. Rockets ().

В. Орташа квадраттық ауытқу.

4. , a < b шартын қанағаттандыратындай тек бір ғана жұп: a = 8, b = 6.

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Сабақта жаңа материалды зерделеуде білімнің өздігінен ашылуына, сондай-ақ білім бекіту кезеңінде тапсырмалардың жоғары деңгейінің берілуінде дифференциация проблемалық оқыту қағидаттарына негізделген.

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің ауызша бағалауы, материалдарды бастапқы бекіту кезінде парақтағы дайын шешіммен өзін-өзі бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың басында физ-минут. Ноутбуктармен жұмыс істеу кезінде ТҚ ережесін қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты қолжетімді болды.

Әрине, материалдарды түсінуде қиындық болған оқушылар болды, бірақ тақырып келесі сабақта жалғасады.

Сабақта жаңа материалды зерделеуде білімнің өздігінен ашылуына, сондай-ақ білім бекіту кезеңінде тапсырмалардың жоғары деңгейінің берілуінде дифференциация проблемалық оқыту қағидаттары жүргізілді.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болған жоқ.

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың басында ой қозғау табысты болды, оқушылар ребусты шеше отырып, сабақтың тақырыбына келді.

2: Тарсия ойыны сабаққа деген қызығушылығын оятты.

3: Кейбір тапсырмаларды ноутбук көмегімен дайын бағдарлама арқылы тексеру.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Рефлексияға көбірек уақыт бөлу. Әрбір оқушы сабақтың маңыздылығын түсініп, өз ойын жазуға дағдыландыру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныпта жоғары деңгейдегі күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындайтын оқушылар бар, оларға қосымша есептер дайындау. Сондай-ақ есептер шығарған кезде қиналған оқушылар да бар, оларды оқуға ынталандыру, қолдау қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу