«Статистика элементтері» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Статистика элементтері» бөлімін қайталау

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Деректерді жиілік кестесі түрінде ұсына алады;
  • Жиілік алқабы мен гистограммасын салады;
  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті таба алады;
  • Арифметикалық орта, медиана, мода, ауқымды табаы алады;
  • дисперсия мен стандартты ауытқуды есептей алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Деректерді жиілік кестесі түрінде ұсынады;
  • Жиілік алқабы мен гистограммасын салады;
  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті табады;
  • Дисперсияны есептейді.
  • стандартты ауытқуды есептейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: статистикалық кестелерді құруды түсіндіреді, соның ішінде жинақталған жиілік кестесін, жиілік алқабы мен гистограммасын салуды түсіндіреді; дисперсия мен стандартты ауытқуды түсіндіреді; шамалардың ортадан шашыраңдылығын дисперсияны табу арқылы түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Жиілік алқабы, гистограмма, жинақталған жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу (стандартты ауытқу)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Жинақталған жиілкті табу үшін ...

Дисперсия ... көрсетеді

Стандартты ауытқу ... көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Оқушылар «Статистика элементтері» бөлімін 3-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-10 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау.

Мұғалім оқушылардың білімдерін төмендегі сұрақтар арқылы белсендендіреді. Әрбір оқушының жауабынан кейін мұғалім кері байланыс ұсынады, керек жағдайда оларды түзетеді, сәйкес теориялық материал бойынша слайдты көрсетеді.

  • Ақпаратты ұсынудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
  • Гистограмма нені көрсетеді? Дөңгелек диаграмма?
  • Жинақталған жиілік нені көрсетеді?
  • Жинақталған жиілікті қалай табады?
  • Жинақталған жиілік алқабы қалай аталады?
  • Орта тенденция шамаларын атаңыз.
  • Олар нені көрсетеді?
  • Шашыраңдылық өлшемдерін атаңыз.
  • Олар нені көрсетеді?

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-10

Сабақтың ортасы

10-39 мин

3. Есеп шығару.

Мұғалім оқушыларға бөлім бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындауды ұсынады, мұнда оқушылар сандық қатарлардың сипаттамаларын табады, олар: арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия және квадраттық ауытқу, сонымен қатар, жинақталған жиілікті табу, статистикалық кестені құру және гистограмманы салу.

Оқушылар тапсырманы өз беттерімен орындайды. Мұғалім көмек көрсете алады. Критерийлер бойынша бағалау жүзеге асады.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Сандық қатардың арифметикалық ортамен, мода, медианамен байланысты есептерді дұрыс шешеді;
  • Берілген ақпараттың жинақталған жиілігін дұрыс есептейді;
  • Жинақталған жиілік графигін дұрыс салады;
  • Жиіліктің интервалдық кестесі көмегімен гистограмманы дұрыс салады;
  • Гистограмма көмегімен кестенің ақпаратын дұрыс толықтырады;
  • Статистикалық кесте, полигон, гистограмма түрінде берілген ақпаратты талдайды;
  • дисперсияны/стандартты ауытқуды дұрыс есептейді;
  • сандық қатарлардың дисперсия/стандартты ауытқуларын салыстырады;
  • Есептің мәнмәтініне сәйкес қорытынды жасайды.

Қосымша 1

Презентация

Слайд 11-12

Сабақтың соңы

    • мин

4. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация слайд 13

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу