«Статистика элементтері» тарауын қайталау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


Қосымша 1.

Тапсырма 1. Қандай да бір 8 саннан тұратын қатардың арифметикалық ортасы 6 тең. Осы қатарға 15 пен 16 санын жазды. Енді осы қатардың арифметикалық ортасы неге тең?

Тапсырма 2. х-тің қандай мәндерінде 6; 7; 8; 9; х қатарының медианасы 8 тең болады?

Тапсырма 3. 9; 16; 25; 40; х; 33 сан қатарында х саны жазылмай қалған. х санын табыңыз, егер қатардың ауқымы 50 тең болса.

Тапсырма 4. 4; 16; х; у; 30; 40 қатарында екі сан жазылмай қалған, олар х және у. Олардың біреуі екіншісінен екі есе үлкен екені белгілі. Егер қатардың арифметикалық ортасы 50 болса, онда х пен у сандарын табыңыз.

Тапсырма 5. Төмендегі кестеде компания қызметкерлерінің еңбек өтілі (жылмен) жайлы жиілік кестесі берілген. Кестенің бос ұяшықтарын толтырыңыз, сандық қатардың модасы мен ауқымын табыңыз.

Қызметкерлердің еңбек өтілі (жылмен)

Абсолютті жиілік

Салыстырмалы жиілік

Жинақталған жиілік

0-2

4

2-4

5

4-6

6

6-8

10

8-10

15

10-12

20

Барлығы

-

Тапсырма 6. Кестені толтыру арқыл гистограмманы бейнелеңіз. Берілген кесте бойынша жағдайды ойлап табыңыз.

Тапсырма 7. Бір сағат көлемінде супермаркеттегі сатып алушының жұмсайтын уақыты туралы ақпарат берілген. Тәжірибе нәтижесінде келесі гистограмма алынды. Берілген гистограмма бойынша кестені толықтырыңыз.

Тапсырма 8.

Келесі есепті шешіңіз.

Аяқ киім сатушысында сату орнын құратын екі жер (А нүктесі немесе Б нүктесі) таңдауында бар.

Ең алдымен оны сату көлемі, содан кейін күнделікті сатылымның тұрақтылығы қызықтырады. Сатушы келесідей зерттеу жүргізді: қаңтар айының жұмыс күндері ол А нүктесінде аяқ киімдерін сатты, ал ақпан айында Б нүктесінде.

Сату нәтижелері жазылып отырды, осыдан кейін ХА және ХВ шамаларының үлестірімі кестеде күніне сатылған аяқ киімдер жұбының саны етіп алынды.

Қай сату нүктесін таңдау керек?

ХА

1

2

3

4

5

МА

2

7

7

4

2

ХВ

1

2

3

4

6

МВ

3

5

6

5

1

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Сандық қатардың арифметикалық ортасы, модасы, медианасымен байланысты есептерді дұрыс шешеді;
  • Жиілік кестесі түрінде берілген деректердің салыстырмалы жиіліктерін табады;
  • Жиілік кестесі түрінде берілген деректердің жинақталған жиіліктерін есептейді;
  • Жиіліктің интервалдық кестесі бойынша гистограмманы салады;
  • Интервалдық кесте деректерін гистограмма арқылы орнына келтіреді;
  • Дисперсия/стандартты ауытқуды есептейді;
  • Сандық қатарлардың дисперсияларын/ стандартты ауытқуларын есептейді;
  • Есептің контекстіне байланысты қорытынды жасайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу