Жарайсың, Айдын аға! Б.Қошым-Ноғай. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Ғарышқа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарайсың, Айдын аға! Б.Қошым-Ноғай

Оқу мақсаттары

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді дауыстап түсініп, мәнерлеп оқиды, декеркөздерден ақпарат табады.

Көпшілік оқушылар: дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып ,өңдеп және тұжырым жасай алады, өз пікірін білдіреді.

Кейбір оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқиды, дереккөздерден алған ақпараттан қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • түрлі дереккөздерден ақпарат алады және өңдейді;
  • өз ойын жазады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы.

(Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны.

 Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Ғарышкер» сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ұшақ, ғарышкер, ай, ғарыш айлағы, Байқоңыр

Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд №1-3

  • қосымша

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

) «Жарайсың, Айдын аға» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

Б «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Т) (МК) «Идея туралы ойлар» стратегиясы

Оқушыларға топтасып оқылған өлеңнің мазмұны бойынша түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «Орбита, шарлады, теңестіріп иығын» сөздері мен тіркестерінің мағынасын ашуға тырысады. Ойларына талдау жасап, пікірлерін салыстырады.

Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашып, сыни ойлау дағдысын дамыту керек.

Мысалы: «_...идея туралы қалғандары не ойлайды?

Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтарды жеке құрастыртуға болады. Сұрақ құрастыруға уақыт беріледі. Жұпта, топта талқылайды. Ортақ қорытындыға келіп топтан 4-5 сұрақ ортаға шығарады, өз ойларымен бөліседі.

Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдыларының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады.

3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Дескриптор:

-өлеңді мәнерлеп оқиды;

-сөздер мен сөз тіркестеріне екпінді дұрыс қояды;

- сөздерді дұрыс оқиды.

Саралау.Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Б. Өзін- өзі бағалауы

4-тапсырма

(Ж;Т) Дереккөздерден А.Айымбетов туралы мәліметтер қарап, кестені толтыр.

Сұрақтар

Жауап

Айдын Айымбетов ғарышқа қашан ұшты?

Айдын ұшқан ғарыш кемесін қалай аталады?.

Ғарышта қанша күн болды?

Қандай зерттеу жұмысын жүргізді?

Дескриптор:

  • дереккөздерден ақпарат алады;
  • ақпаратты өңдейді;
  • сұрақтарға жауап береді.

Б. Топтардың өзара бірін - бірі бағалауы.

5-тапсырма

(Ж) «Қазақ ғарышкерлері» тақырыбына өз ойыңды жаз.

Тірек сөздер: мақтаныш, сенім, шаттық, қуаныш, ризашылық, ұшқыш, арманы орындалды.

Саралау. Кейбір оқушылар бірнеше сөйлем жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Дескриптор:

  • өз ойын жазады;
  • сөйлемдегі сөздерді байланыстырады;
  • сөйлемдерді қатесіз жазады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

https://www.youtube.com/watch?v=QSEn9Y9WD8E

оқулық

Слайд №4

2-қосымша

Слайд №5

3-қосымша

Сабақтың соңы

Рефлексия «Бір минут» әдісі.

Кері байланыс. Бір минут. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

5-тапсырмада

Кейбір оқушылар бірнеше сөйлемдер жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша», «От шашу» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • дереккөздерден ақпарат табады және өңдейді;
  • сөйлемдерді қатесіз жазады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу