👈 қаріп өлшемі 👉

Тыңдарманның назарын аударту. «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б.С. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 1.4 Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б.С.

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

 Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда өз тұжырымдарын негіздей алады

 Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды.

 

 Бағалау критерийлері:

  •  өлеңді дауыстап мәнерлеп оқиды;
  •  сұрақтарға жауап береді;
  •  өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
  •  сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алады;

Қажетті ресурстар: қиылған қағаздар, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 (Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» әдісі арқылы ұйымдастырыңыз. Ол үшін жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады. Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасына «Әнші болудың пайдасы мен зияны» деген сұрақ қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді. Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойып, тақырыпты ашады.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл тапсырмада өлеңді мәнерлеп оқу беріледі. Оқылым дағдыларын дамытуға бағытталады.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (МТ) Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлының «Сен даланың бұлбұлысың» өлеңін мәнерлеп оқуды тапсырыңыз. Ол үшін:

  •  Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді немесе аудиодан тыңдатуға болады.
  •  Тақтаға бір шумақтың мәнерлеп оқу позициясының үлгісін беру үшін, жақсы мәнерлі оқитын оқушысының көмегімен бастауға болады.
  •  Оқушыларға өлеңді іштей оқуға уақыт беріледі.
  •  Бір мезгілде барлық оқушылар өз топтарында өлеңді мәнерлеп дауыстап оқиды.
  •  «Сынып сахнасы» бұрышына ең үздік немесе өз екімен шығарып өлеңнің бір шумаған мәнерлеп оқиды.

 Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 2-тапсырма

 Тапсырма оқыған өлеңдегі қайталанып келетін сөздерді анықтауға беріледі. Бұл арқылы өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т, Ұ) Өлеңде қайталанып кездесетін шумақтарды тауып, өлеңде осы сияқты қайталаулар ақынға не үшін қажет деп ойлайсың? деген сұрақтың жауабын анықтау үшін «Бумеранг» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 1. Әр топ мүшелері қайталанып кездесетін шумақтарды табады.

 2. Тауып алған шумақтарды келесі топқа береді. (Үлгі: Шырқа, шырқа, сырлы құсым, Роза, Роза, Розамыз)

 3. Олар сол шумақтарды өздерінің анықтағандарымен салыстырады.

 4. Өлеңде қалып қойған шумақтар болса, мұғалім өзі әр топтан сұрауына болады.

 Саралау: Өлеңді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 

 Мұғалім түсіндіруі: Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Мысалы, «Мұнар да мұнар» мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн» деген өлең жолдарында «күн» сөзін ақын бірнеше рет қолданған.

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау арқылы оқушылар қайталама ұйқасты қолданып, өлең шығаруды үйренеді. Өлеңнің қайталама ұйқастардан тұратынын түсінеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т, Ұ) Қайталама ұйқасты қолданып, өлең шығарып көр. Мына сөздерден 4 жол өлең құрастыр. Әрбір тармақтан кейін «Өнерлі болғым келеді» деген жолды үш рет қайталап қолдан деген тапсырма беріңіз. Сөздер: Күллі әлем, Бармағынан, құйқылжытып, балтамған, тамсанған, ән салған

 1. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп берілген сөздерден өлең құрастырады.

 2. Шағын топта құрастырған өлеңдерін қорғайды.

 Саралау: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

 Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

 4-тапсырма

 Бұл тапсырмада оқушылардың сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алу дағдыларын дамытуға беріледі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Әр топқа өлең мазмұнына сәйкес келетін мақал- мәтелдерді жазу тапсырылады.

 

 1. Оқушылар өз қалауымен топқа бірігеді .

 2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына жазғандарын салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

 3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 мақал жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

 4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оның тақырыпқа сәйкес келетінін/келмейтінін айтады. Егер оқушы мақалды сәйкес келеді деп есептесе өзіне қалдырады.

 5. «Жаңғақты» қораптан алар кезде реттілік сақталуы тиіс.

 5. Қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

 Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

 Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 Сабақтың соңы:

 Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

 «Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

  «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

 

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып орындата алады.

 

 

[attachment=26027:nskauly-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы