Тыңдарманның назарын аударту. «Тау мен өзен» Құрманбай Толыбаев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Су – тіршілік көзі

 

 Сабақ тақырыбы: 1.4 Тыңдарманның назарын аударту. «Тау мен өзен» Құрманбай Толыбаев

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

 Көптеген оқушылар: оқиғаға сәйкес келетін мақал-мәтелдерді сөйлеу барысында қолдана алады

 Кейбір оқушылар: оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауда өзіндік пікірін дәлелдей алады

 Бағалау критерийлері:

  •  мәтінді мәнерлеп оқиды
  •  сұрақтарға жауап береді
  •  сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алады
  •  оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтай алады

 

 Сабақ барысы

 

І. Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 «Үш пікір» әдісі. Сұраққа жауап бер «Бұлақ пен өзеннің айырмашылығы неде?». Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды

 Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау. барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл тапсырмада мәтінді оқуға беріледі. Оқылым дағдыларын дамытуға бағытталады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө). «Стоп кадр» әдісі. «Тау мен өзен» мәтінін түсініп оқы.

 1. Оқушылар мәтінді оқып отырған кезде мұғалім бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған жерінен тоқтап, сол бөлігі бойынша түсінгенін айтады.

 2.Мәтін аяқталғанша осылай кезекпен жалғасады.

 3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі (зулай бер, тасқында, құлдыраңдай, кері ықтырып тастады )

 4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін қайта шолу тапсырылады

 5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

  •  Әңгіменің басында не жайлы айтылады?
  •  Өзен мен бұлақ неге тіркесіп қалды?
  •  Өзен неліктен бұлақты еріткісі келмеді?
  •  Өзен мен бұлақтың әрекеті мен мінез-құлқына ұқсайтын адамдар өмірде кездесе ме?
  •   Шығарма қандай жанрға жатады деп ойлайсың? Екі дәлел келтір.

 Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 2-тапсырма

 Тапсырма оқыған мәтінді логикалық бөліктерге бөлуге беріледі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т;Ұ) «Оқиға шыңы» әдісі. Ертегіні логикалық бөліктерге бөл.

 1.Мұғалімнің көмегімен оқушылар ертегіні қанша бөліктерге бөлуге болатынын бірге анықтайды. Мұғалім ертегі бөліктерін «Оқиға шыңы» арқылы қалай бөлуге болатынын түсіндіреді: таудың сол жақ етегі - мәтіннің басталуы, таудың басы - мәтіннің ортасы, таудың оң жақ етегі - мәтіннің соңы.

 2. Әр топқа тау суреті бар А3 форматтағы қағаз беріледі. Топ ішінде оқушылар жұппен жұмыс кезінде жинақталып, сараланған мәліметтеріне сүйене отырып, стикерлерін «Оқиға шыңына» сай бөліктеріне орналастырады.

 

 3.Нәтижесінде мұғалім нақты ертегі бөліктерін оқиды, топ мүшелері стикерлерді дұрыс ертегі бөліктеріне сай қайтадан орналастырады.

 Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б: «Білім ағашы»

 Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:

 жасыл – «барлығын дұрыс істедім»

 сары – «қиындықтар болды»

 қызыл – «көп қателестім»

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) ««Жаңғақ» әдісі. ертегі мазмұнына сәйкес келетін мақал- мәтелдерді жаз.

 1. Оқушылар өз қалауымен топқа бірігеді .

 2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына жазғандарын салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

 3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 мақал жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

 4.Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оның тақырыпқа сәйкес келетінін/келмейтінін айтады. Егер оқушы мақалды сәйкес келеді деп есептесе өзіне қалдырады.

 5. «Жаңғақты» қораптан алар кезде реттілік сақталуы тиіс.

 6. Қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

 Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

 Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 4-тапсырма

 Бұл тапсырмада оқушылардың сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алу дағдыларын дамытуға беріледі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі. «Егер мен өзеннің орнында болсам...» деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Әңгіме жазу барысында мақал-мәтелдерді қолдан.

 «Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,

 «Мысалы, ................»,

 «Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.

 1. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

 2. Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

 Қ/Б: «От шашу» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады.

ІІІ. Сабақтың соңы

 Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

 «Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

  «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

 

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26201:nsauly-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу