Тыңдарманның назарын аударту. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып:4
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы1.4. Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаттары:
4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Бағалау критерийлері:
- мәтін бойынша сұрақтарағ жауап береді;
- шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
- өз ойын нақыл сөздерді қолдана отырып жеткізеді.
Тірек сөздер: Қараша, түлкі тымақ, шық түсті, қанат сыбдыры.
Сабақ барысы:
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Шаттық шеңбері»
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз
Топқа бөлу:
1-топ Кішіпейіл
2-топ Мейірімді
3-топ Әділетті
4-топ Тілалғыш
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Қастек Баянбай- 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында туған. «Балаларға базарлық», «Тәтті сабақ», «Асар» және т.б өлең жинақтарының авторы.
1-тапсырма
(Ж,Т) «Галереяны шарлау» әдісі
Оқушыларға өлеңнің бөліктері таратылады. Топтағы оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Өз бөліктеріне сай суреттерді таңдайды.
Қабырғаға дайындалған суретер ілінеді. «Галереяға саяхат»-топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі. Топтағы оқушылар өз тақырыбына сай суреттерді таңдайды. Таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады. Сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.
Саралау: Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
Б «Смайликтер»
2-тапсырма
(Ө) Семантикалық карта
Әрбір топқа семантикалық карта таратылады.
Атаның сөзі, сипатта | Мәтінге ұқсас оқиға | Мәтіндегі жыл мезгілі | Инеліктің жай-күйі | Мәтін жанры | Дәлелде |
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
Б «Қол шапалақтау»
Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Т,Ұ) «Ой жалғау» әдісі
Мұғалім мысалды жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен 4-топқа көркем оймен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.
Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.
Б «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
4-тапсырма
(Т ) «Бірге ойлаймыз» әдісі
Топтардан 1-2 оқушыдан ортаға шығып отырады.
Мәтінге байланысты сөздер беріледі. Басқа топтағы оқушылар сөзді ым-ишара арқылы көрсетеді. Ортаға шыққан оқушы жасырынған сөзді тауып айтады. Мысалы, инелік, тымақ, қанат
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз - Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек - Жақсартуға болады https://www.google.kz/search?q=қастек+баянбай+суреті
ІІІ. Сабақтың соңы
(Ж) «Жетістік баспалдағы»
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?