👈 қаріп өлшемі 👉

Тыңдарманның назарын аударту Е.Елубаев «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы: 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

 Е.Елубаев «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі.

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) таба алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді біледі.

 Көптеген оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтай алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айтады.

 Кейбір оқушылар: әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) қолданып, өз ойын айтады, шығарма жанрының айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып, қорытынды жасай алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады.

 Бағалау критерийлері:

  • Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды;
  • Шығармадан көркемдеуіш сөздерді анықтайды;
  • Өз ойын жеткізуде көркем бейнелі сөздерді қолданады.

 

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы:

 Сабақтың басында ширату жаттығуы «Eкi қoлды жұмыcқa жұмылдыpy» әдісі арқылы орындалады.

 Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.

 1.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec төpтбұpыш caлaды.

 2.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec жұлдыз caлaды.

 Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapын ecкepтіледі. Ocы тaпcыpмa apқылы oқyшылapдың жeкe жұмыc жacay дaғдылapы дамиды. Мидың eкi бөлiгi дe қaтap жұмыc жacayын дамыта отырып, шaпшaң oйлayлapын жeтiлдipіледі.

 

 Бастапқы білімді қайталау.

 (Ұ; МК) «Қарлы кесек» әдісін қолдану арқылы мәтін мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Мұғалім белгілі бір тапсырма берер алдында оқушылардың сұрақтарды анық түсінгеніне назар аударады. Сұрақтар өтілген тақырыптың мазмұнына байланысты болу керек.

 Үлгі сұрақтар:

  •  Қазір қай уақыт?
  •  Күзгі уақыт туралы қандай шығармаларды білесің?
  •  Ауыл күзі туралы не айта аласың?
  •  Келесі келетін жыл мезгілі қандай?
  •  Жылдың төрт мезгіліндегі әр уақытың ерекшеліктерін айта аласың ба?

 

 Оқу мақсатын хабарлау:

 Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырата отырып, мәтіннен әдеби көркемдегіш құралдарды табу. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма

 (Ұ; Ж) Оқылымның «Бірлескен оқу» әдісін қолданып, оқулықтағы «Туады, шығады, түседі, келеді» мәтінін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байлданысты талдау жасау үшін бір партадағы жұптарға сұрақтар ұсынылады.

 Үлгі сұрақтар:

  •  Автор қыс мезгілін қалай сипаттаған?
  •  Халқымыз неліктен көктемді «туады», жазды «шығады», күзді «түседі», қысты «келеді» деп айтқан?

 Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) «Бағдаршам» әдісі. Оқушылар мәтінді түсінгендігін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекілік ретінде пайдаланады. Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды және жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

 

 2-тапсырма

 (Ұ; МК; Т) Оқушыларға мәтінді ұжыммен талқылауға шамалы уақыт беріледі. «Салыстыру картасына» әр топқа мұғалімнің көмегімен шығармада кездесетін әдеби көркемдегіш құралдарды тауып белгілеу тапсырылады.

 «Салыстыру картасы» үлгісі.

Ұғымдар

Өлеңнен мысалдар жазу

теңеу

эпитет

 

 Саралау. Қарқын тәсілі арқылы қабілетті оқушыларға осыған дейінгі білімдері бойынша өздері толтыруға уақыт беріледі. Қосымша уақытты қажет ететін оқушылармен бірлесе отырып көркемдегіш сөздер талқыланады.

 (ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpылады.

 

 Сергіту сәті

 «Айя мен Әли» мульфильміндегі «Қыс» өлеңінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар жасау. Әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып көрсету ұсынылады. Мысалы, көктемгі күннің күркіреуі, жазғы самал, қысқы боран, т.б.

https://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI

 3-тапсырма

 (МҚ; Т)

 «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқылған шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау тапсырылады. Өлеңнің жанрын анықтау үшін сұрақтар дайындайды, оқушылар көршілері естімейтіндей етіп топта сұрақты талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы барлық оқушы сабаққа қатысады. Мұғалім топтағы оқушы санына байланысты сандарды таратып (мысалы 1-4 сандар), талқылаудын соң біреуін таңдайды. Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді.

  •  Шығарма қандай жанрға жатады?
  •  Өлеңде қанша шумақ бар?
  •  Неше тармақтан тұрады?
  •  Ұйқас қалай құрылған?
  •   Өлең ұйқасын сызба түрінде көрсет.

 Саралау. Диaлoг жәнe қoлдay көpceтy тәciлi apқылы өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау кeзiндe көмeктi қaжeт eтeтiн oқyшылapғa ынталандыру үшін сөзбен қoлдay көpceтіледі.

 (ҚБ) Оқушылардың шығарманың жанрлық ерекшеліктрін анықтай алуы «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.

 

 4-тапсырма

 (МК, Т) «Венн диаграммасы» әдісі арқылы қарастырылған өлең мен мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.

 Әр топқа өлеңінің бір шумағы мен мақал-мәтелдер таратылады. Оқушыларға өздеріне түскен өлең шумағына сәйкес мақал-мәтелдерді таңдап, ерекшеліктерін параққа жазып, түсіндіріп айту тапсырылады.

 Мақал-мәтелдер:

  •  Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер.
  •  Сәуір болмай, тәуір болмас.
  •  Қыстың көзі қырау.
  •  Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
  •  Көктем – мұрап, Күз – диқан.
  •  Көктемде түскен бір дән, Күздің күні мың дән болады.
  •  Жаз келді, Үйрек ұшып, қаз келді.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға қосымша бағыттаушы сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ)«От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақтайды.

 

 5-тапсырма

 (МК,Ө) Өлеңді түсініп оқып, сурерт бойынша жыл мезгілдерің әр уақыттағы ерекшеліктері туралы әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу барысында алдыңғы тапсырмада қарастырған мақал-мәтелдерді қолдану тапсырылады.

 Capaлay: Қapқын тәciлi apқылы нeгiзгi тaпcыpмaлapды түciндipyдe көмeк қaжeт eтeтiн oқyшылapғa тaпcыpмaны opындayғa бipшaмa yaқыт бepіледі. Қapқыны жылдaм oқyшылapғa жыл мезгілдерін сипаттайтын көркем-сөздердің тізбегін мәтіннен тayып жазуды ұсынуға болады.

 (ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау.

  •  мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
  •  мәтіннен көркемдеуіш сөздерді табады;
  •  өз ойын жеткізуде көркемдеуіш сөздерді қолданады.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия

 (Ұ) «Портрет» әдісі.

 Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут ішіне жыл мезгілдері туралы әуен тыңдай жүріп бүгінгі үйренгендерін қортындылай келе әуенге байланысты қалаған портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті мұғалімге табыстайды. Сабақ барысында қандай тақырыпты талдағандарын айтып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

 

 Үйге тапсырма: Жыл мезгілдері тақырыбында басқа жанрдағы шығармалар қарастырып келу.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы