Тыңдарманның назарын аударту. «Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Сынып:4

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Құндылықтар

Сабақтың тақырыбы: 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

«Жамандық неден болады?» Ы. Алтынсарин

Оқу мақсаттары:

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Бағалау критерийлері:

  • ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді;
  • сөйлеу барысында суреттерді қолданады;
  • өз ойын жүйелі жеткізеді.

Қажетті ресурстар: қағаз А3, маркер,

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы «Ойды аяқта» ойыны.

(Ж) Дүниеде жамандық неден болады?

Дүниеде жамандық ... болады.

Оқушыларға сұрақ беріледі. Оқушылар сұрақ бойынша өз ойын бір сөйлеммен жалғастырады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.

ІІ. Сабақтың ортасы

1 -тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=9deqiNztrO4 «Жамандық неден болады?» тыңдау. (1 мин)

-Әңгімеде не туралы айтылған?

-Жамандық деген не?

-Жақсылық дегеніміз не?

2-тапсырма

(Ж;Т) Ы.Алтынсариннің «Жамандық неден болады?» ертегісін оқу.

  • Ертегіні түсініп оқиды.
  • Кейіпкерлерін анықтайды. Кейіпкерлерін сипаттайды.
  • Рөлге бөліп оқиды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

(Б) Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

3- тапсырма

(Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады, дәлелдейді.

1-топ. Дүниедегі жамандық түбі-аштық.

2-топ. Дүниедегі жамандық түбі-сүйіспеншілік.

3-топ. Дүниедегі жамандық түбі-жаман мінез.

4-топ. Дүниедегі жамандық түбі- қорқақтық.

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқыла бағаланады.

4-тапсырма

(Ж,Т) Ертегіні рөлге бөліп оқиды және сахналайды.

-Ертегіні шолып шығады.

-Рөлге бөледі.

-Сахналайды.

Саралау: Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір топтарға сахналау үшін қосымша уақыт беріледі.

(Б) «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия

«Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

[attachment=26443:nsauly-tydarmanny-nazaryn-audartu-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу