Тыңдарманның назарын аударту. «Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр- Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 1.4 Тыңдарманның назарын аударту «Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин. | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады. Көптеген оқушылар: шығарманы рөлге бөліп оқиды, сөйлеу барысында иллюстарция қолданып, кейіпкрлерін сипаттайды; Кейбір оқушылар: рөлге бөліп сахналайды, кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне баға береді, өз ойын дәлелдейді. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Ызақор, аштық, сүйіспеншілк | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылар адам бойындағы аштық, ызақорлық, қорқақтық және сүйіспеншілік сияқты жамандық пен жақсылық құндылықтары жайлы түсінік алады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын жеткізуде сөйлемдердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта видео, https://www.youtube.com/watch?v=9deqiNztrO4 | ||||||
Бастапқы білім | Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, рөлге бөліп оқиды. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-7 мин | Ширату тапсырмасы «Ойды аяқта» ойыны. (Ж) Дүниеде жамандық неден болады? Дүниеде жамандық ... болады. Оқушыларға сұрақ беріледі. Оқушылар сұрақ бойынша өз ойын бір сөйлеммен жалғастырады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады. | Слайд №1-3 | |||||
Сабақтың ортасы 8-13 минут 14-21 минут 22-28 минут 29-36 | 1 -тапсырма https://www.youtube.com/watch?v=9deqiNztrO4 «Жамандық неден болады?» тыңдау. (1 мин) -Әңгімеде не туралы айтылған? -Жамандық деген не? -Жақсылық дегеніміз не? 2-тапсырма (Ж;Т) Ы.Алтынсариннің «Жамандық неден болады?» ертегісін оқу.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. (Б) Оқушылар бірін – бірі бағалайды. 3- тапсырма (Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады, дәлелдейді. 1-топ. Дүниедегі жамандық түбі-аштық. 2-топ. Дүниедегі жамандық түбі-сүйіспеншілік. 3-топ. Дүниедегі жамандық түбі-жаман мінез. 4-топ. Дүниедегі жамандық түбі- қорқақтық. Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді. (Б) «Бағдаршам» әдісі арқыла бағаланады. 4-тапсырма (Ж,Т) Ертегіні рөлге бөліп оқиды және сахналайды. -Ертегіні шолып шығады. -Рөлге бөледі. -Сахналайды. Саралау: Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір топтарға сахналау үшін қосымша уақыт беріледі. (Б) «От шашу» әдісі арқылы бағаланады. |
Қосымша 1 Слайд №5 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия «Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады. Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады. | Слайд №6 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыарға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды. | «Бағдаршам», «Отшашу» әдісі арқылы бағаланады. Дескриптор:
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?