Тыңдарманның назарын аударту. А. Жүсіп «Үш жуа» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

А. Жүсіп «Үш жуа» ертегісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдер мен иллюстрацияларды қолданады

Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құарлдарды қолданады;

Кейбір оқушылар: мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады, өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдейді

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста бір біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қоршаған орта туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін ұштастыра алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ мазмұны бойынша слайд, АКТ мүмкіндіктері қолданылады.

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы.

1. «Үш пікір» әдісі. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.

Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында иллюстрацияларды, мақал-мәтелдерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолданады. Бағалау критерийімен таныстыру.

Таяқшалар

4 cлайд

Сабақтың ортасы

05-12 мин

13-22 мин

23-30 мин

31-36 мин

1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға оқылатын ертегі мазмұнына сай бейнеленген суреттер беріледі. Оқушылар олардың іс-әрекетіне қарап шағын әңгіме құрастырады.

Құрған әңгімелерін «Автордың орындығында» отырып айтып береді.

Саралау: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

2-тапсырма.

А. Жүсіп «Үш жуа» ертегісін оқу тапсырылады.

1. Ертегіні түсіп оқып шығуға уақыт беріңіз.

2. Алдыңғы тапсырмадағы сұрақтың жауабы бар ма, барлық топпен анықтап өз пікірлерін білдірулерін сұраңыз.

3. Келесі сұрақтардың жауабын сұраңыз:

  • Ертегі қалай басталды?

-Неліктен үлкен жуа ек бауырынан бөлінді?

  • Автор ертегінің кейіпкерлерін қалай суреттеген? Тауып оқы.
  • Ертегі саған қалай әсер етті?

Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушылар ертегні оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

3-тапсырма

(Ұ,Т.) «Тұжырымдамалық шеңбер» әдісі.

1.«Тұжырымдамалық шеңберді (қағаздың ортасына шеңбер сызып, жан-жағындағы сызықтарға ойларын жазады), «Қарашы, қандай керемет, бір түпке үш жуа бірдей өскен, қандай тату бауырмал. Үш қанат боп бірге тұрғанда бауарларды ешқандай жау жеңе алмайды» деген тұсын қалай түсіндіңдер.

2. Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, талқылайды.

3. Берілген «графикалық органайзерді» А3 форматындағы қағазға сызып, мәтіннен алынған ақпараттарды жазады.

4. Топтарды тыңдап, жетістіктерін бағаланады.

Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

4 – тапсырма. «Мағынасын аш» әдісі

Мақалдың мағынасын ашып, қай жерде қолдануға болатынын түсіндір.

1. Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, не білетіндерін талқылайды. Олар өз жауаптарын мұғалім ұсынған флипчарт қағаздың сол жақ бағанына толтырады.

Мақал-мәтел

Мағынасы

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,Қосылып еккен ағаш — орман

Ынтымақ жүрген жерде,Ырыс бірге жүреді.

Бірлігі бар елдің,Белін ешкім сындырмас.

2. Топтар жазғандарын басқа топтарға ұсынады. Оқушылар жазылған кестені талдап, жауаптарын жазады.

3. Мұғалім оқушылардың жауаптарын кестеге толтырған соң, сұрақтардың жауабы бойынша статистика жүргізеді де, ең аз ақпараты бар топтардан сұрауды бастайды. Барлық сұраққа жауабы бар топтар тыңдалады. Топтар өз ойларын дәлелдеуде вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Саралау мүмкіндіктері: Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

Слайд № 5

Қосымша № 1

Слайд №

Қосымша №

Слайд № 6

Қосымша № 3

Слайд № 7

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия: «Карточкалар иерархиясы» әдісі.

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі:

1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточкалар беріледі:

  • мәтінді түсініп, оқи алдым;
  • сөйлеу барысында суреттерді қолданып, түсіндіре аладым
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алдым

2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап

қоюға болады.

3.Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

Слайд №8

Саралау

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау». Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

3 тапсырма – «Қарқын арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

4 тапсырма – «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Дескриптор:

  • берілген суреттер бойынша ойларын ортаға салады;
  • ертегіні оқиды;
  • кесте толтырады
  • мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін анықтайды

Сабақ бойынша рефлекс

Жалпы баға.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу