Тыңдарманның назарын аударту. А. Жүсіп «Үш жуа» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

«Үш жуа» ертегісі

 Бір түпте үш жуа қатар өсті. Олардың бойлары да үш түрлі болды. Бірі ұзын, бірі орташа, бірі өте қысқа еді. Басқа жуалар жеке-дара өсіп шықты. Бір күні алай-дүлей дауыл тұрып, саяқ өскен жуалардың бірнешеуін жұлып әкетті. Үш жуа аман-есен қалды. Дауыл басылған соң үш жуа көрші жуалардың біразын дауыл ұшырып әкеткенін білді. Сонда ең үлкен жуа:

 Менің арқамда аман қалдыңдар, өйткені мен сендерден ірімін. Маған дауылдың әлі келмеді, - деді екі жуаға. Күндер өтсе де, үш жуа сол үш түрлі қалыптарын сақтап өсті. Ірі жуа бұрынғысынан да ұзарып, жуандай түсті. Енді ол екі бауарының жіңішкелігі мен бойының аласалығына қораштанатынды шығарды. Ақыры оларды қуа бастады. Сендер менің сәнімді кетіресіңдер, бұл жерден кетіңдер, – деді.

 Бауырларын қимаған екі жуа бір түптен бөлінгенмен сол маңнан алыстамады. Өте жақын жерге бекіп бір түпте екеуі өсіп жатты. Көп уақыт өтпей-ақ, ірі жуа одан әрі толысып, әп-әдемі айдай сұлуланып кетті. Оның сабағының ұшына сүйірленіп, дән қауыздана бастады. Оның мақтанышы қойнына сыймай, екі бауарына: Сендерді қуып жібергенім қандай жақсы болған. Егер сендерді қумасам, бұлай сұлуланбас едім, - деді. Сонда екі жуаның бірі: Үшеуіміз бір түпте қатар тұрғанымызда біздің сұлулығымыз ерекше көзге түсер еді. Жұрт таң қалып: «Қарашы, қандай керемет, бір түпке үш жуа бірдей өскен, қандай тату бауырмал. Үш қанат боп бірге тұрғанда бауарларды ешқандай жау жеңе алмайды» деп тамсанатын еді, - деді. Қандай жау?! Кім мені жеңбек? Тоқтатшы осындай сөзіңді! – деді ірі жуа ашуланып. Кенет аяқ астынан дауыл тағы да соқты. Бұл жолғысының екпіні бұрынғысынан да қатты болды. Ешқандай қалқасыз өскен ұзын жуаны дауыл қақ белінен морт сындырып, дән шашып үлгермеген қауызды ұшыры әкетті. Ал екі жуа бір-бірін тас қып құшақтап, дауылға төтеп берді. Дауыл басылған соң олар бассыз қалған бауырларын көріп, қатты аяды. Оны дереу өз қамқорлықтарына алды. Жуаның сынып кеткен басы сап- сары боп шойырылып, дөңгелене бітті. Екі жуа бойларындағы бар құнарын бауырларына бөліп беріп, аз-ақ күнде оның күш жинауына көмектесті. Олар қайта бір түпке шоғырланды. Бірақ сыптай әп-әдемі екі жуаның қасында морт сынған жуа қораш көрініп тұратын болды.

А. Жүсіп.

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

Мақал-мәтел

Мағынасы

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,Қосылып еккен ағаш — орман

 

Ынтымақ жүрген жерде,Ырыс бірге жүреді.

 

Бірлігі бар елдің,Белін ешкім сындырмас.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу