Тыңдарманның назарын аударту. С. Бегалин «Туған жер құдіреті». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Тізбектер» әдісі.

Қосымша №2

Мақал-мәтілдер:

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

Қосымша №3

«1 минуттағы ой» әдісі.

Нақыл сөздер:

Туған жердің жуcаны жұпар

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Қосымша №4

 «Туған жер құдіреті»

 («Бала Шоқан» повесінен үзінді)

 Шоқан Семейден шыққанда мамыр айының алғашқы бір әсем күндері еді. Қазақ даласы, әсіресе Арқат, Еңірекей тауларының алабы ғажайып балауса гүлге бөленген. Өзінің достары Сергей Дуровтың, Григорий Потаниннің өсімдіктер жайынан айтқан тамаша әңгімелері есіне түсті. Жол-жөнекей ол көптеген дала гүлінен алуан түрлі жапырақтар жинап, айрықша баптап, арнап алған ыдыстарына салып отырды.

  Әсіресе Аякөз маңы, онан өте Қозы Көрпеш пен Баян зираттары тұрған Айқыз, Таңсық өзендерінің бойына көп жаңа өсімдіктер жинады...

 -Шоқан Шыңғысович, сіздің халық сияқты көшпелі анайы елде де мұндай керемет аңыз бар екен-ау! – деп, жол серігі өзінің дүниетанудағы сауатының аз екенін аңғартты.

 -Ғафу етерсіз, жол серігім, әрине, сіздердің ұғымдарыңызда біздің халқымыз сезімсіз, анайы болып көрінеді ғой. Бірақ сезім жағынан, жыр, күй, шешендік жағынан ешбір халықтан кем емеспіз. Мен сізге әлгі жырдың тек қысқа қаңқасын ғана айттым. Оны біздің халық жыраулары бір жұма бойы жырлайды. Оның көп жерінде тыңдаушылар жылап отырады. Біздің елдің бұл сияқты ұлы дастандары бір бұл ғана емес, бұл – жүзден бірі. Біздің халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр емес пе! – деп тоқтады....

С.Бегалин

«Бумеранг» әдісі.

Үлгі сұрақтар:

  • Шоқанның туған жері қай ел?
  • Шоқанның туған жерін жолсерігі қандай деп ойлаған ?
  • Шоқан туған жерін қалай суреттеген?

Қосымша №5

«Түйінді сөздер» әдісі.

  • топ: «Қазақ даласы, әсіресе Арқат, Еңірекей тауларының алабы»
  • -топ: «Аякөз маңы, онан өте Қозы Көрпеш пен Баян зираттары тұрған Айқыз, Таңсық өзендерінің бойы»
  • -топ: «халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр»

Қосымша №6

«Шеңбердегі әңгіме» әдісі.

  • І немесе ІІІ жаққа өзгертіп баяндау
  • жағдаяттар қосып баяндау
  • оқиғаларды өрбітіп баяндау
[attachment=26503:didakt_-material-1_4-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу