Тыңдарманның назарын аударту. С.Тұрдалиев «Алтын бала». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.4. Тыңдарманның назарын аударту

С.Тұрдалиев «Алтын бала»

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға вербалды емес тілдік құралдарды қолданып жауап береді және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданып, өз ойын білдіреді;

Кейбір оқушылар: мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін анықтап салыстырады, өз ойын дәлелдермен қорытынды жасайды, өз тұжырымдарын ұсына алады.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
  • шығарма бойынша сұрақтар құрсатырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пікір алмасу сұрақтары:

-Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?

Құндылықтарды дарыту

«Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіру, өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, үлкендердің, достарының арасында жауапкершілікті, адамгершілік құндылықтарды сақтау

Пәнаралық байланыстар

Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ширату жаттығуы

Сабақтың басында ширату жаттығуы

«Шаттық шеңбері»

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз

Топқа бөлу:

1-топ Кішіпейіл

2-топ Мейірімді

3-топ Әділетті

4-топ Тілалғыш

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-21 минут

22-29 мин

30-37 мин

1-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс)

Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушысұрақ қояды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады.

Б. «Бас бармақ» Оқушылар мәтінді оқып болған соң ,қаншалықты түсінгендерін бағалау

2-тапсырма

(ЖЖ) «Сұраққа жетіп ал»әдісі

Мәтіннің мазмұныны бойынша жұпта бір-біріне сұрақ қояды.

Үлгі:

1) Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

2) Зәукен кімді кездестірді?

3) Неліктен атай Зәукенге риза болды?

4) Анасы Зәукенді неге іздеп келді?

5) Әжей Зәукен туралы не айтты?

6) Анасы неге қуанды?

7) Мәтіннен қандай қорытынды шығарар едің? (өмірмен байланыстыру)

8) Мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, Зәукеннің іс – әрекетіне баға бер.

Саралау: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысына нені жақсарту керектігін анықтайды

3-тапсырма

(Ж,Т) «Галереяны шарлау» әдісі

Қабырғаға дайындалған суретер ілінеді. «Галереяға саяхат»-топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі. Топтағы оқушылар өздері суреттерді таңдайды. Таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады. Сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.

-Неге бұл суретті таңдадың?

-Неліктен бұл сурет сендерге ұнады?

-Қалай ойлайсың, өзің осы жерде болсаң не істер едің?

Саралау: Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

Б «Смайликтер»

4- тапсырма

(Т) Оқушыларға мақал – мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.

1. Алғыспен ел көгерер,

..................................... (Жаңбырмен жер көгерер)

2. Ата алдында құрмет,

............................................(Ана алдында қызмет)

  • Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
  • Әдептілік- әдемілік.

Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.

5-тапсырма

(Т ) «Бірге ойлаймыз» әдісі

Топтардан 1-2 оқушыдан ортаға шығып отырады.

Мәтінге байланысты сөздер беріледі. Басқа топтағы оқушылар сөзді ым-ишара арқылы көрсетеді. Ортаға шыққан оқушы жасырынған сөзді тауып айтады. (тұз, радио, ақша, суы бар шелек)

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Б «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз - Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек - Жақсартуға болады

Үйге тапсырмасына «Мен қамқоршы баламын» тақырыбына шағын әңгіме жазу ұсынылады.

Қосымша 1

Слайд №3

Слайд №4

Слайд №5

Қосымша 2

слайд №5-6

Қосымша3

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия: (Ж) «Менің сөзім»

Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. 1-тапсырма

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады.

2-тапсырма

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

3-тапсырма

Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

4-тапсырма

Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

5-тапсырма

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Қошемет» әдісі

«Бір- бірін бағалау»әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
  • кейіркердің іс – әрекетін бағалайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу