Тыңдарманның назарын аударту. Ғарыштағы түскі ас А.Леонов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Пән:

Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Ғарыштағы түскі ас А.Леонов

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.1.2.1 шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айта алады, шығарманың мазмұнын өзгертіп қысқаша мазмұндай алады;

Көптеген оқушылар: шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып айтады, шығарманың мазмұнын түрлі жағдаяттар қосып мазмұндай алады;

Кейбір оқушылар: вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады шығарманың мазмұнындағы оқиғалады өрбітіп ішінара мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • Шығарманы мазмұндауда түрлі баяндау тәсілдерін қолданады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Шығарманы қысқаша немесе толық мазмұндайды.

Пәнге қатысты лексикамен терминология:

Туған жер, мұра, құдірет.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығы топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады. Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

3 мин

1 мин

Ширату жаттығуы

(Ұ) «Тізбектер» әдісі

Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім «Ғарышкер тағамы қандай болу керек?» тақырыбына байланысты суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты келесі сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады.

Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады.

Бастапқы білімді қайталау.

(Ұ; МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға ас, тағам туралы мақал-мәтелдер ұсынылып, мағынасын ашуға байланысты туған жердің маңызы туралы сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады.

Сұрақтарды оңайдан бастап қиындатуға болады.

Мақал-мәтілдер:

  • Таңғы асты тастама.
  • Кешкі асқа,

Күндік жерден қонақ келер.

Үлгі сұрақ:

-Мақал-мәтелдерді қалай түсінесіңдер?

- Ас қадірі туралы қандай ой айта аласыңдар?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд №3

1-қосымша

Слайд №1-2,4

2-қосымша

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

2 мин

7 мин

1-тапсырма

(ЖЖ) «1 минуттағы ой» әдісі.

Оқушылар интербелсенді тақтадан тақырыпқа байланысты суреттер көргенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастырады және түсіндіреді Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып берулері керек. Үлгі ретінде тақырыпқа байланысты бірнеше нақыл сөздер ұсынылады:

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

(Мұғалім басқа да нақыл сөздерді ұсына алады)

Саралау. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, нақыл сөздер құрастырғанда мүмкіндіктеріне қарай іртүрлі жауаптары қабылданып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

(ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

2 -тапсырма

, Т, МК) Оқушыларға «Ғарыштағы түскі ас» әңгімесін түсініп оқу ұсынылады.

«Бумеранг» әдісі.

Әр топқа оқылған мәтінді түсіну үшін сұрақтар құрастыру тапсырылады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қойған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.

Үлгі сұрақтар:

  • Неліктен азық- түліктер ғарыш кемесінде қалықтап жүрді?
  • Тамақ ішкен кезде неге сөйлеуге болмайды?
  • Кемені неге тамақтан кейін шаңсорғышпен тазарту керек?
  • Ғарышкерлер ұйықтаған кезде неге өздерін орындыққа белбеушемен байлайды?
  • Ғарышта түн мезгілі неге қысқа?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру барысында топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Б. «Ашық-жабық алақан» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар жауаптары дұрыс болса топтар біріне-бірі ашық алақан, бұрыс болса жабық алақан көрсетіп отырады.

3-тапсырма

(Ө; Ұ) «Шеңбердегі әңгіме» әдісі

Оқушыларға шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі баяндау тәсілдерін қолданып мазмұндау ұсынылады.

Орындықтарды оқушылар бір-біріне қарап (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады. Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 5 минутта қысқаша мазмұндайды. Әрбір оқушы 100 секунд сөйлейді. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгілейді. Бес минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды.

Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі арқылы шығарманы мазмұндауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескриптор:

  • кейіпкер іс-әрекетін І жаққа өзгерте алады;
  • шығарма мазмұнының реттілігін сақтайды.

Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

4- тапсырма

(Т) Мәтінге сүйеніп, ғарышта тамақтану ережесін құрастыр. Ғарыштық тағам болашақта біздің тағамдардың өзгеруіне әсер етуі мүмкін бе? Қазіргі кезде оның қандай белгілері байқалады? Сұрақтары бойынша қорытынды жасайды. Топтарға уақыт беріледі. «Галерея» әдісі бойынша жұмыс ортада талқыланады.

Дескриптор:

- ереже құрастырады;

- өз ойын білдіруде мақал – мәтелдерді қолданады;

- сұрақтарға жауап береді.

Б. Топтар бір – бірін бағалайды.

Интербелсенді тақта.

3-қосымша

4-қосымша

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Сабақтың соңы

5 мин

5-тапсырма

(Ұ) «Микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі өткен сабақтағы мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытады. Құнды ой жинақтап, ойын анық айтуға дағдыланады.

Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі

Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

Үйге тапсырма: Оқушыларға өзінің туған жеріндегі мәдени мұралар туралы деректер жинақтап, таныстырылым жасау ұсынылады.

Слайд№8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1- тапсырма. Саралаудың орытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер іс-әрекетін І жаққа өзгерте алады;
  • мәтінді мазмұндайды.
  • шығарма мазмұнының реттілігін сақтайды.

Бағалау әдістері

«Смайлик әдісі»

Ауызша мадақтау «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

«Ашық-жабық» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бастағы қалпақ» әдісі

Топқа бөлуде парта мен орындықтарды реттеп орналастыру.

Электр жүйесін тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу