Шығарманың жоспарын құру. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1 Шығарманың жоспарын құру

«Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай

Оөқу мақсаттары

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлел келтіріп баға беру

Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

көлдің көркі-құрақ, таудың көркі-бұлақ

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады. Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқының қандай екенін ертегіден тауып, дәлел келтіру үшін өзін-өзі тану пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада сабақ таныстырылымдары көрсетіліп отырады.

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқиды, шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.

Сабақ мақсаты: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін ертегіден дәлел келтіріп баға беру. . Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 4

Қосымша № 2

Слайд № 2, 4

Сабақтың ортасы

06-14 минут

15-22 минут

23-30 минут

31-37 минут

  • тапсырма

(ӨБелгіле» әдісі. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай

1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма

(Т)1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.

2.Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1. Бұлақ пен Құрақтың іс-әрекеті

2. Тау атаның жасағаны

3. Құрақтың бұлаққа жалынуы

4. Өз қателерін түсінуі

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

3-тапсырма

) «Төрт сөйлем» әдісі

Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқының қандай екенін ертегіден тауып, дәлелде.

  •  Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден оқығандары бойынша өз топтарында талқылайды.
  • Алдын-ала дайындалған қағазға (бұлақ пен құрақтың суреті бар ) төрт пікір жазады:

Пікір: Іс-әрекеті мен мінез-құлқы қандай? Сенің пікірің (бір сөйлем).

Дәлел: Ертегіден дәлел келтіріп жаз (бір сөйлем).

Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтір (бір сөйлем).

Қорытынды. Оларға қандай баға бердіңдер? Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

1-топ. Бұлақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден тауып, дәлелде.

2-топ. Құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден тауып, дәлелде

3. Топтар өз жұмыстарын барлық топқа түсіндіреді.

Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

4-тапсырма

(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқы неге өзгерді, себептерін ертегіден тауып, баға бер. Сол бөлікке ат қой.

1. Оқушылар ертегіден кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзгерген тұстарын табады.

2. Сол бөлікке ат қояды.

3. Не себебті олай атағанын түсіндіреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Слайд № 5

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 6

Слайд № 7

Қосымша № 3

Қосымша №4

Слайд № 8

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Слайд № 9

Қосымша № 5

Саралау. 1-тапсырманы орындау қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

4-тапсырманы Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Дескриптор

  • ертегіні түсініп оқиды.
  • ертегідегі қажетті ақпаратты таба алады.
  • алдыңғы тапсырмадағы ақпараттарды қолданып, кестені топта толтырады.
  • анықталған мәтін бөліктерінен жоспар құрай алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу