Шығарманың жоспарын құру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Табиғат құбылыстары Сынып: 4 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 3.1 Шығарманың жоспарын құру | |||||
Оқу мақсаттары | 4.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру; 4.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау; 4.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады; Көпшілік оқушылар: түрлі дереккөздерден ақпаратты табады, сызба түрінде көрсетеді, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Хан шеру, шапқыншылар, ежіреңдеген шабармандар, адырлы жер, шөже торғай, қалжа. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сөз мағынасын түсініп, қолдануда қазақ тілімен байланыс жасалады | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтіннен ақпаратты табады, дереккөздермен жұмыс жасай біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5минут | Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі. Өтетін тақырыпқа болжау жасау. Суреттерге зер салу.
Оқушылардан сол суреттегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады.
Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер? Сабақ мақсаты: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау, ұсыну. Топтарға бөліну: «Молекула» ойыны арқылы топтарға бірігу | |||||
Сабақтың ортасы 6-11минут 12-19минут 20-29минут
30- 37 минут | 1-тапсырма (ЖЖ,Т,Ө) Ажалдан құтқарған асыл сөз. (ел аузынан Сапарғали Бегалин) ертегісінің «Мәтінмен жұмыс» әдісі арқылы оқу тапсырылады. -Мәтінді оқып, бірнеше бөліктерге бөлу. Әр бөлікке тақырып беру -Әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; - Оқиғада болған өзгерістерді атайды немесе 1. Ертегінің бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. 2. Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. 3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Саралау: Барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады Б «Жұлдызша» Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату.
2-тапсырма (Ж,Т,Ұ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Қойшы не істейді,болжа?
Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау. 3- тапсырма (Ж,Т,ОТ) «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісінің жалғасын оқу тапсырылады. Ертегі жалғасын оқы.
Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады. 4-тапсырма (ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі (дәптермен жұмыс) Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, шегін тауып оқы немесе әңгімеле, ат қой
Саралау: Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады. Б «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. 5 - тапсырма (Т) « Жаңалық ашамыз» әдісі Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады.Ғаламтордан немесе энциклопедиядан халқымыздан қалған асыл сөздерін жинастыру Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі Б «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын. Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны Бір тілек - жақсартуға болатыны. (ЖЖ; МК) «Венн диаграмма» әдісі арқылы кейіпкерлерді салыстыра сипаттау Хан мен Сұңқар Қойшы мен Шөже торғай Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі Б «От шашу»
|
Слайд №8 Қосымша 1-5 Қосымша 6-7 | ||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | «Бір ауыз сөз» әдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б | |||||
Саралау 1-тапсырмада Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады. 2-тапсырмада Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. 3-тапсырмада Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады. 4-тапсырмада Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі | Бағалау «Жұлдызша» әдісі Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау «Бір-бірін бағалау»әдісі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?