Шығарманың жоспарын құру. «Аңшы ата ізімен». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр - Сұлтан қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1 Шығарманың жоспарын құру

«Аңшы ата ізімен»

Оөқу мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау;

4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді

Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жан далбаса, қол созым жер, жалт бұрылып, темір тор, ашпалы есік,... тб.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада сабақ таныстырылымдары көрсетіліп отырады.

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқиды, шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату жаттығу. (ЖЖ). «Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.

Сабақ мақсаты: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді.

Слайд № 4

Қосымша № 2

Слайд № 2, 3

Сабақтың ортасы

06-14 минут

15-22 минут

23-30 минут

31-37 минут

  • тапсырма

(Ө) «Белгіле» әдісі. «Аңшы ата ізімен» мәтіні оқылады.

1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма

(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. «Аңшы ата ізімен» әңгімесінен белгілеген бөліктерге ат қойыңдар.

1. Топтар өздерінің белгілеген бөліктері бойынша талдап алады.

2. Сол бөліктер бойынша ат қояды.

3. Бөліктерге қойған аттарын жалпы топқа таныстырады. Неге олай атағандарын түсіндіреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Қ/Б «Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

3-тапсырма

(Т)1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.

2.Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1. Аңға шығу

2. Атайдың көңіл күйі

3. Өкініш

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды

4-тапсырма

(Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі.

Атайдың іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалап жаз.

«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,

«Мысалы, ................»,

«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.

1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.

Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

Слайд № 5

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 6

Қосымша №3

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: «Кубик» әдісі. Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

-Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.

-2 есте сақтайтын нәрсені ата.

-Сен үшін қиындық тудырған не?

-Қай тапсырма саған ұнады?

-Сабаққа байланысты бір сұрақ.

-Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

(Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

Слайд № 8

Қосымша № 4

Саралау. 1-тапсырманы орындау қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

4-тапсырманы Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Дескриптор

  • мәтінді белгі қойып түсініп оқиды.
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26433:mzh-shyarmany-zhosparyn-ru-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу