Шығарманың жоспарын құру. Бармақтай Барақ батыр. Әңгіме. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1 Шығарманың жоспарын құру

Бармақтай Барақ батыр. Әңгіме

Оқу мақсаттары

4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.1.1 оқылған шығармандағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығармадағы оқиға жүйесін анқтап, логикалық бөліктерін бірлесе табады;

Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды, шығарманы ның логикалық бөліктерін анықтай отырып, жоспар құрады;

Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды, өз ойын мәтіннен мысалдар келтіріп дәлелдейді, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, ат қояды, жоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннен қажетті ақпараттарды тауып оқиды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтінге ат қойып, жоспар құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, мәтіннің бөліктерін атай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Алқакөл сұлама, ақтабан шұбырынды, алпамсадай денесі, жауар бұлттай қабағы, қорамсақ, жебе, найза, бармақтай

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Қалмақтың Алакөбек деген батыры ханға қандай өтінішпен келді?
  • Алакөбек батыр қазаққа қарсы шыққан кез қандай еді?
  • Ту ұстаған Түгел батыр неге қиналды деп ойлайсыңдар?

Құндылықтар

ды дарыту

Мәтін мазмұнына байланысты құндылықтарды дарыту.

Бірлесіп, достықта, ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

ағаштардың жапырақтарын зерделей отырып, жаратылыстану пәнімен байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісін көреді.

Бастапқы білім

Шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын бойынша сұрақтарға жауап береді, шығарманы логикалық бөліктерге бөле алады, жоспар құрастыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-2 минут

3-6 минут

Ширату жаттығуы:

) «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдici

Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe (1-1,5 минyт) бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзaды. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap бұл пapaқтapды дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa бip-бipдeн «қap дoмaлaғын» aшып, ішіндегі сөзді oқиды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды. Ұлдарға қатысты «мықты, күшті» комплимент сөзлдеріне назар аударылады.

Бастапқы білімді қайталау

«Кір жайылған жіп» әдісі

(Ұ) Тақтаның алдына жіпке кірқыстырғыштармен сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Сұрақтар алдыңғы сабақта өткен материалдың мазмұнына байланысты болу керек. Тақта алдына бір оқушыдан кезектесіп шығады да сұрақтарға жауап береді. Жауап дұрыс болса, оқушы сұрақты өзімен бірге алып отырады, қате болса, орнына іледі. Жіптегі сұрақтардың барлығына жуап бергенше оқушылар кезектесіп шығады. Қызықтыра отырып сұрақ қою арқылы оқушылардың зейіні сабаққа шоғырландырылады.

Сұрақтар үлгісі:

  • Қандай қазақ батырларын білеіңдер?
  • Қазақ батырлары туралы қандай өлең, жырлар, шығармалар білесіңдер?
  • «Жекпе-жек - батырлар мұрасы» сөзді қалай түсінесіңдер?

Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болатындығына, өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізеді.

(ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy үшін оқушылар «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpылады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Мәтінді іштей түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Оқылған шығармандағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Батырлық туралы нақыл өздерді таңдау арқылы үш топқа бөлінуді ұсынуға болады:

«Ерлік білекте емес, жүректе»

«Ер қаруы – бес қару»

«Ер шекіспей бекіспейді»

оқушы санына сәйкес ақ парақтар, қалам

Қосымша №1

Слайд №3

Қосымша №2

Слайд №4

Сабақтың ортасы

7-10 минут

11-22 минут

23-30 минут

31-35 минут

1-тапсырма

(Т; МК) «Кім жылдам?» ойыны

Оқушылардың белсенді оқу тәсілдерін арттыру мақсатында жылдамдыққа тапсырма орындатылады. Топтарға суреттер топтамасы таратылады. Әр топ суреттер топтамасын қарастыра отырып, батырлардың қару жарақтары туралы әңгімелейді. Қарулардың ерекшеліктеріне назар аударылып, топтық талқылау жүргізіледі. Талқылауға қару-жарақ туралы қосымша дереккөздердер ұсынуға болады.

-Қарулардың түстері қандай?

-Көлемі қандай?

-Қандай ерекшеліктері бар?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы қару-жарақ түрлері туралы түсінгендіктерін көрсетеді, үш түрлі түспен бағалайды.

2-тапсырма

(Ұ; МК; Т) «Айрықша тапсырма» әдісімен оқушылар «Бармақтай Барақ батыр» әңгімесін оқып, тапсырмалар алады. Оқығаны бойынша шығарманы бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды. Үлкен батырдың суретін салып ұсынуға болады. Әр топ өз суретінің айналасына мәтін бойынша бөліктерін көрсетіп әр бөліктің атын жазады. Әңгімені неліктен солай бөлгенін айтады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мәтінді әртүрлі бөліктерге бөлуі күтіледі.

(ҚБ) Оқушылардың мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюын топтар бірін-бірі «Смайл» әдісі арқылы бағалайды.

3 – тапсырма

(МК; Ж) «Кім байқағыш» әдісі.

Оқушылар жұптасып «Бармақтай Барақ батыр» әңгімесінен қажетті ақпаратты тауып оқи отырып, маңызды деген тұстарды анықтап кестеге белгілеп жазады. Жұптар бір-бірінің парақтарын салыстырады. Талқылау кезінде оқушылардың жұппен жұмыс жасау дағдылары дамытылады.

Кесте үлгісі:

Түгел батырдың көрген түсі

Қалмақ батыры Алакөбектің жорыққа жиналуы

Қалмақ батыры Алакөбектің қуанышы

Кіші жүзден шыққан Батыр мен Алакөбектің шайқасы

Барақ батыр жеңісі

Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

Б: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

4-тапсырма

; МК; Ө) «Бірлескен оқылым» әдісімен «Бармақтай Барақ батыр» мәтінін тізбектей оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Ұжыммен мәтінге талдау жасап, бастапқы ортаңғы, соңғы бөлімдерін тауып қоршап сызу тапсырылады. Әр бөлікке ат қойып, бөліктердің атауларына сүйене отырып, әр оқушыға өздігінен жоспар құру ұсынылады. Жоспар құруда алдыңғы тапсырмадағы кестеге сүйенуге болады:

Жоспар үлгісі:

1.Түгел батырдың көрген түсі

2.Қалмақ батыры Алакөбектің жорыққа жиналуы

3.Қалмақ батыры Алакөбектің қуанышы

4.Кіші жүзден шыққан Батыр мен Алакөбектің шайқасы

5. Барақ батыр жеңісі

Саралау. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларға мәтінді бөліктерге бөлуге қиналған оқушыларға ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетуге болады.

(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды;
  • жоспар құрастырады;
  • жоспар бойынша шығарманың мазмұнын айтады.

«От шашу» әдісі арқылы оқушыларға әңгімеге талдау жасап, қалай бөліктерге бөліп жоспар құрғандары үшін өздерін бағалау ұсынылады.

Қосымша №3

Слайд №5

Оқулық 80-бет

Қосымша №4

Слайд №6

Қосымша №5

Слайд №7

Қосымша №6

Слайд №8

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісімен

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны.....
  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны.....
  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....

Үйге тапсырма ретінде ұсынылады.

  •  «Қазақ батырлары» тақырыбына байланысты танысқан шығармаларды салыстырып келу тапсырылады (мазмұны, жанры).
  •  «Мен батыр болсам» тақырыбына өз ойын айтуға дайындалады.

Қосымша №7

Слайд №9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы

Бастапқы білімді қайталау

«Қорытынды» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болатындығына, өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізеді.

1-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма. «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай әртүрлі бөліктерге бөлуі күтіледі.

3-тапсырма. «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларға мәтінді бөліктерге бөлуге қиналған оқушыларға ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетуге болады.

Дескрипторлар: .

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • -мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды;
  • жоспар құрастырады;
  • жоспар бойынша шығарманың мазмұнын айтады.

Бағалау әдістері

«Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы кейіпкер туралы түсінгендіктерін көрсетеді, үш түрлі түспен бағалайды.

Оқушылардың мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюын топтар бірін-бірі «Смайл» әдісі арқылы бағалайды.

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.

«От шашу» әдісі арқылы оқушыларға әңгімеге талдау жасап, қалай бөліктерге бөліп жоспар құрғандары үшін өздерін бағалау ұсынылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың жақсы мен жаманды айыра алғаны;

2: Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алғаны.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, әділ бағаласа;

2: Сабақты одан әрі қызықты болу үшін қосымша тапсырмалар орындату керек еді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топта оқушылар топ ережесіне бағынып, бір- бірін әділ бағалауды үйрету.

 

[attachment=26487:mzh-shyarmany-zhosparyn-ru-4.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу