Шығарманың жоспарын құру. «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 3.1 Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин | ||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құрады. Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады. Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: офицер,мойнына алмады, жазалады, корпус Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Шоқанның әрекетімен келісесің бе? -Басқа қандай шешім жасауға боладың?
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Шоқан жасаған саяхаттары картадан көрсету арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасалады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Бастапқы білім | Мәтінді теріп, дауыстап оқиды, шығарма құрылымын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату тапсырмасы. 1. Мұғалім бүгінгі сабақта «Қырдың жас түлегі» мәтінін оқитындарын айтады және оның не жөнінде екенін анықтау үшін сұрақтар қояды. - Мәтін кім туралы болуы мүмкін? - Онде не туралы айтылады? Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | Слайд № 4 Слайд № 2, 3 | |||||
Сабақтың ортасы 04-12 мин 13-20 мин 21-31 мин 32-38 мин | 1-тапсырма (Ө). «Белгіле» әдісі. Сапарғал бегалин «Қырдың жас түлегі» мәтіні. 1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды. 2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды. 2–тапсырма 1. Мәтін мазмұны бойынша өздерінің сұрақтар құрастыратынын айтыңыз. 2. Оқулықтағы «Көп нүктенің орнына сөздерді қойып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыр. Дәптеріңе жаз» деген тапсырманы оқытыңыз. 1. «Сенің ойыңша бұл жақсы ма, жаман ба?» 2. ..... тағы қандай жақсы шешімі бар? 3. Егерде ......... сен өзіңді қалай сезінер едің? 4......... қандай артықшылығы және кемшіліктері бар? 5. ........... осы өзгерістерге қатысты қандай ұсыныстар беретін едің? Оқушылар мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады. -Сенің ойыңша, Анатолийдің ісі дұрыс па? -Шоқанның әрекетімен келісесің бе? Неліктен? Ойыңды дәлелде. -Басқа қандай шешім жасауға боладың? -Егер сен Анатолийдің орнында болсаң не істер едің? Саралау. Қабілеті төмен оқушылар өз ойын айтады, мысалдар келтіріп ұсыныс жасайды, ал қабілеті жоғары оқушылар сұрақтар бойынша кезекпен түсініктеме береді. 3–тапсырма 1. «Ашық микрофон» әдісі бойынша «Құрастырған сұрақтар бойынша сұхбат жүргіз» деп тапсырма беріңіз. 2. Алдымен оларды жұпқа бөліңіз. 3. Өздерінің жазғандары бойынша, жұбына сұрақтарын оқиды. Жұбы қойылған сұрақтарға жауап берді. Жұптар кезектесіп жұмыс жасайды. 4. Қойылған сұрақтар мен жауаптарды тексеру мақсатында мәтінге шолу жасалып, өздерінің жұмыстарын тексеруді сұраңыз. 5. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз. Қалыптастырушы бағалуды жүргізіңіз. Саралау. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетіңіз, өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіңіз. (Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады 4-тапсырма (Т) 1. Мұғалім әр топқа мәтін бөліктерге бөліп, жоспар құру ұсынылады. 2. Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі. 3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды. 4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады. Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу. Б: Топтардың бірін – бірі бағалауы. | Слайд № 5 Қосымша № 1,2
Слайд № 6 Қосымша № 4 Слайд № 7 Қосымша № 5 Слайд № 8 | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі 1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім | ||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 2-тапсырма. қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу 3-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. 4 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. |
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?