алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шығарманың жоспарын құру. «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


Әдебиеттік оқу, 3-сынып

Қосымша 1

Қырдың жас түлегі

 Шоқан бастаған сыныптың балалары өз бөлмелерінде дауылдасып, әңгіме – дүкен құрып отырған. Кенет офицер кіріп келді. Бұл өзі бір мазасыз, жөн- жосықсыз шырылдап ұрыса беретін адам еді. Балалар тым – тырыс бола қалды. Бөлмеде төсек – орын ұқыпты жинаулы тұр, еденде қиқым жоқ, айнала мұнтаздай тап – таза. Офицер Шоқан бастаған сынып балалары жататын бөлмеден ешбір мін таба аламй, шығып кетті.

 Кенет Анатолий деген бала офицердің соңынан жүгіріп барып, жабулы тұрған есікті жұдырығымен қойып – қойып қалды. Олар жүгіріп келіп орындарына отыра бергенде есік ашылып, офицер қайта кірді.

  • Есікті ұрған кім? Кәне, тез айтыңдар!

 Балалар тым – тырыс, тіс жарып ештеңе айтпады. Ешкім мойнына алмады. Ашуға булығып, түтіккен офицер корпустың бастығына келіп, рапорт жазып, Шоқанның сыныбын жазалауды өтінді. Келесі күні корпус бастығының өзі келіп, Шоқаннан бастап, бәрінен тәртіпсіздік істеген кім деп сұрады. Бірақ ешкім ләм демеді. Корпустың бастығы бұл сыныптың балаларын түгелдей жазалады. Жексенбі күні " бірде-бір бала үйлеріне бармасын" деп бұйрық берді. Бұл қысым қыс ортасына дейін созылды.

 Бірде бастық Шоқанды шақыртып: «Әдепсіздік істеген баланы айтып бер»,- деп қайта сұрады.

Мұны істеген мен емес. Ал тентектікті кім істесе, сол өзі айтсын,- деді Шоқан. – Батылы жетсе, өзі айтсын, жолдастарын мына жазадан құтқарсын, біз қорқаққа куә бола алмаймыз!

Жатаққа келген соң, Шоқан балалармен бірге әлгі Анатолийді ортаға алды.

-«Қорқарың бар, қораға кірме» деген біздің қазақта мақал бар.Анатолий, сен жұдырығыңды офицердің сыртынан түйгенше, батыр болсаң, айтарыңды неге көзіңше айтпайсың? Ал қорқарың бар, қолыңа ие болу керек еді. Өз кінәңді қорыққаныңнан мойындамадың.

 Қысқы демалыс кезінде Анатолийді балалардың ешқайсысы шығарып салмады. Үйіне жалғыз кетті. Сол бетімен ол корпусқа келмей қойды.

Сапарғали Бегалин

Қосымша 2

1.«Сенің ойыңша бұл жақсы ма, жаман ба?»

2. ..... тағы қандай жақсы шешімі бар?

3. Егерде ......... сен өзіңді қалай сезінер едің?

4......... қандай артықшылығы және кемшіліктері бар?

5. ........... осы өзгерістерге қатысты қандай ұсыныстар беретін едің?

Қосымша 3

  • Сенің ойыңша, Анатолийдің ісі дұрыс па?
  • -Шоқанның әрекетімен келісесің бе? Неліктен? Ойыңды дәлелде.
  • -Басқа қандай шешім жасауға боладың?
  • -Егер сен Анатолийдің орнында болсаң не істер едің?

Қосымша 4

1. Бас бармақ- Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2. Балалы үйрек-Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3. Ортан терек-Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. Шылдыр шүмек- Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. Кішкентай бөбек-Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

[attachment=26038:did_-mat_-shyarmany-zhosparyn-ru-1.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы