Шығарманың жоспарын құру. «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: 3.1 Шығарманың жоспарын құру

«Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин

Сабақтың мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру;

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.

Бағалау критерийлері:

  • мәтінді теріп оқиды;
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;

Қажетті ресурстар: маркер, қағаз А4, микрофон.

Сабақтың барысы:

І.Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

1. Мұғалім бүгінгі сабақта «Қырдың жас түлегі» мәтінін оқитындарын айтады және оның не жөнінде екенін анықтау үшін сұрақтар қояды.

- Мәтін кім туралы болуы мүмкін?

- Онде не туралы айтылады?

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

ІІ.Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ө). «Белгіле» әдісі. Сапарғал бегалин «Қырдың жас түлегі» мәтіні.

1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2–тапсырма

1. Мәтін мазмұны бойынша өздерінің сұрақтар құрастыратынын айтыңыз.

2. Оқулықтағы «Көп нүктенің орнына сөздерді қойып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыр. Дәптеріңе жаз» деген тапсырманы оқытыңыз.

1. «Сенің ойыңша бұл жақсы ма, жаман ба?»

2. ..... тағы қандай жақсы шешімі бар?

3. Егерде ......... сен өзіңді қалай сезінер едің?

4......... қандай артықшылығы және кемшіліктері бар?

5. ........... осы өзгерістерге қатысты қандай ұсыныстар беретін едің?

Оқушылар мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады.

-Сенің ойыңша, Анатолийдің ісі дұрыс па?

-Шоқанның әрекетімен келісесің бе? Неліктен? Ойыңды дәлелде.

-Басқа қандай шешім жасауға боладың?

-Егер сен Анатолийдің орнында болсаң не істер едің?

Саралау. Қабілеті төмен оқушылар өз ойын айтады, мысалдар келтіріп ұсыныс жасайды, ал қабілеті жоғары оқушылар сұрақтар бойынша кезекпен түсініктеме береді.

3–тапсырма

1. «Ашық микрофон» әдісі бойынша «Құрастырған сұрақтар бойынша сұхбат жүргіз» деп тапсырма беріңіз.

2. Алдымен оларды жұпқа бөліңіз.

3. Өздерінің жазғандары бойынша, жұбына сұрақтарын оқиды. Жұбы қойылған сұрақтарға жауап берді. Жұптар кезектесіп жұмыс жасайды.

4. Қойылған сұрақтар мен жауаптарды тексеру мақсатында мәтінге шолу жасалып, өздерінің жұмыстарын тексеруді сұраңыз.

5. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз. Қалыптастырушы бағалуды жүргізіңіз.

Саралау. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетіңіз, өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіңіз.

) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады

4-тапсырма

(Т) 1. Мұғалім әр топқа мәтін бөліктерге бөліп, жоспар құру ұсынылады.

2. Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Б: Топтардың бірін – бірі бағалауы.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

[attachment=26035:nsauly-shyarmany-zhosparyn-ru-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу