Шығарманың жоспарын құру. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Бұлақ пен құрақ

 Серуендеген бір топ бала аралдың әдемі көрінісіне қызыға қарап, табиғаттың көркемдігін мақтады. Мұны сырттан естіген бұлақ сыңғырлай күліп:

 – Барлық сұлулық менің бойымда тұр, – деп айқайлай шапқылады. Оны естіген құрақ:

 – Жоқ, барлық сұлулық менің бойымда тұр. Олар мені мақтады, – деді ырғалып билеп. Сөйтіп, екеуі егесе келіп, Тау атаға шағынды. Тау ата оларға ләм-мим деп тіл қатпастан, бұлақтың суын бірте-бірте тартып тастады.

 Жағалауда сарғая қураған құрақ шөлдеген сайын:

 – Бұлақ досым, бұлақ досым, құтқара гөр! – деп жалынды. Жалына жалына әлі құрып, сарғая жерге құлаған құрақ есінен адасып, сұлық жатып қалды. Осы кезде Тау ата бұлақ суын қоя берді. Бұлақ шапқылап келсе, құрақтың бәрі сарғайып жығылған, маңайы жап-жалаңаш екен. Мұны көрген басқалар да:

 – Бұл бұлақтың бойы неткен көріксіз! – деп, мұнда аяқ баспайтын болды. Бұлақ өзінің ағаттығын сонда сезіп, құрақтардың аузына су тамыза бастады. Есін жиған құрақ басын зорға көтеріп, бұлаққа:

 – Кешір досым, менің сенсіз күнім жоқ екен, – деді.

 Бұлақ та:

 –Досым, кешір, сенсіз менің де күйім белгілі екен, – деп оны жұбатты.

 Осыдан бастап бұлақ пен құрақ мәңгі айырылмайтын дос болды.

 Бұлақ бойының күні бүгінге дейін жап-жасыл болып тұруы қазірге дейін жалғасып келе жатқаны сол достықтарының арқасы екен.

Байбота Серікбай Қошым-Ноғай

 

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

Пікір:

Дәлел:

Мысал:

Қорытынды:

 

 

ҚОСЫМША 4

Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқы неге өзгерді, себептерін ертегіден тауып, баға бер.

ҚОСЫМША 5

Рефлексия

[attachment=26232:didaktikaly-material-shyarmany-zhosparyn-ru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу