Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу. «Тұсау кесушінің жыры». «Қыз қуу» . Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Сиқырлы қоржын»

Суреттер үлгілері: қыз қуу, бесік жыры, тұсау кесу, т.б

Қосымша №2

  • тапсырма.

 «Тұсау кесушінің жыры»

Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға.

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Тұсау кесу ептілік,

Игі дәстүр құрметті ол.

Мені жүйрік депті жұрт,

Менен асқан жүрдек бол.

Ала жіпті кесіп ем,

Майлы ішекке айналды.

Ауыз тиіп шетінен,

Көптің көңілі жайланды.

Тыңнан жол сал бақытқа,

Ескі шиыр таптама.

Ешкімнің ешуақытта

Ала жібін аттама.

Ал, балалар,тәй-тәйлап,

Әлдиді алға бастаңдар.

Шошытпаңдар айғайлап,

Жалғыз тастап қашпаңдар.

Сүрінгенде, сүйеңдер,

Жығылғанда, тұрғызып.

Әрқайсың бір сүйем жер

Үйретіңдер жүргізіп.

Ал,әжелер, жолына,

Мол ғып шашу шашыңдар,

Із қалдырсын соңына,

Алдын кең ғып ашыңдар!

«Қыз қуу» Фариза Оңғарсынова

Елең болмай жайлауда жаз аптабы,

қызып кетті бойымда қазақ қаны:

- Ертте, жезде, ең жүйрік сәйгүлікті -

басталуға "Қыз қуу" аз-ақ қалды!

- Ат - машина емес, ал ақыл ұғып,

кетері бар, балдызжан, қапы қылып.

Ерке қызын қаланың ат көрмеген

жығып кетіп жүрмесін атып ұрып!

-Тұрарым жоқ алданып айла-егеске,

белді будым қалсам да қай белесте!

Жол соңына жасықты қалдыратын

өмір деген өзі де бәйге емес пе!

... Арғымаққа жөнелдім қамшы басып,

(қарап қоям қауіппен артыма шын!)

Мені қуып жеткенше, ей, жігітім,

қара терге өзің де малшынарсың!

- Обалсыз, - деп, - есекке сеніп мінген!-

қамшы ойнаттым қайтарда төніп бірден.

Неге екенін білмеймін, жігітті емес,

атын ғана сабалай беріппін мен...

Сұрақтар үлгісі:

1 топ: Неліктен тұсау кесу игі, құрметті дәстүр деп ойлайсың?

2 топ: Неліктен қыз қууға ең жүйрік сәйгүлікті ерттейді деп ойлайсың?

(Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдамаға басқа сұрақтар ұсына алады.)

Қосымша №3

2- тапсырма.

«Кірпіш»

• Шығармаларда қай дәстүрлер туралы айтылған?

• Тұсау кесу жырында сәбиге қандай тілектер арналған ?

• «Қыз қуу» шығармасының авторы кім?

• Шығармада қызға жездесі не деп ескертті?

• Қыздың берген жауабынан оның қандай мінезін көруге болады деп ойлайсың?

Қосымша №4

3- тапсырма «Эйлер шеңбері»

Үлгі сұрақтар:

  • Өлеңдерде не туралы айтылған?
  • Дәстүр қалай жүзеге асырылады екен?
  • Неге салт-дәстүрлерімізді білу қажет деп ойлайсың?
  • Өлеңдердің мазмұны бойынша нәтиже қалай аяқталады деп ойлайсың?

Қосымша №5

4- тапсырма.

[attachment=26519:didakt_material-shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу