Асыл сөз. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сабақ тақырыбы: Асыл сөз

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Көпшілік оқушылар: Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Кейбір оқушылар: Вербалды емес тілдік құралдарды қолданады

Бағалау критерийлері

  • Өлеңнен нақыл сөздерді табады
  • Қажетті ақпаратты суретпен байланыстырады
  • Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • Ойын нақыл сөзбен көркемдейді

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

«Шаттық шеңбері»

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз

Топқа бөлу:

1-топ Кішіпейіл

2-топ Мейірімді

3-топ Әділетті

4-топ Тілалғыш

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Автормен танысу

Абдырахман Асылбек-1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.

1-тапсырма

(Ж,Т) «Галереяны шарлау» әдісі

Оқушыларға өлеңнің бөліктері таратылады. Топтағы оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Өз бөліктеріне сай суреттерді таңдайды.

Қабырғаға дайындалған суретер ілінеді. «Галереяға саяхат»-топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі. Топтағы оқушылар өз тақырыбына сай суреттерді таңдайды. Таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады. Сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.

Саралау:Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

Нұсқаулық:Тақырыпқа байланысты суреттерді таңдау кезінде оқушылардың өз қолымен салған суреттерін де ілуге болады.

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(Ө) Семантикалық карта

Әрбір топқа семантикалық карта таратылады.

Атаның ақылдары

1-шу

мақ

2-шу

мақ

3-шу

мақ

4-шумақ

5-шумақ

Кішіпейіл бол

Мейірімді бол

Әділетті бол

Үлкенмен сәлемдес

Тілалғыш бол

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Т,Ұ) «Ой жалғау» әдісіМұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен 4-топқа көркем оймен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.

Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.

Нұсқаулық: Топтарға мәтіннің бөлігі жазылған парақшалар таратылады. Парақшадағы мәтіннің бөлігін жалғастырып жазады

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

4-тапсырма

(Т ) «Бірге ойлаймыз» әдісі

Топтардан 1-2 оқушыдан ортаға шығып отырады.

Мәтінге байланысты сөздер беріледі. Басқа топтағы оқушылар сөзді ым-ишара арқылы көрстеді. Ортаға шыққан оқушылар жасырынған сөзді тауып айтады

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Нұсқаулық: Ортаға топтағы оқушылардың түгелін шығаруға болады. Басқа топтар жазылған сөзді ым-ишара арқылы көрсетеді. Ортадағы оқушылар жасырынған сөзді табады.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Сабақтың соңы

(Ж) «Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

[attachment=25880:nsauly-asyl-sz.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу