Қайталау. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Қайталау. Нені үйрендім? (жазба жұмысы)

Оқу мақсаттары:

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: суретке сүйене отырып, мәтін құрай алады.

Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады.

Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады.

Бағалау критерийлері:

-мәтінді мазмұнына сәйкес сөйлемдерді толықтырады;

- мәтіннің стилін сақтайды;

- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды әр елдің аттарымен өз таңдауы бойынша 5 топқа біріктіреміз.

Үлгі:

1-топ: «Түркия»

2-топ: «Корея»

3-топ: «Үндістан»

4-топ: «Франция»(мемелекет атауларын топқа өз таңдауыңызбен қоюға болады.)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

«Болжау» стратегиясы бойынша интербелсенді тақтада «Шетелдік қонақтар EXPO» бейнебаянын көреді, ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды . Бейне баянды ұзақтығына сәйкес қысқартуға болады немес басқа нұсқасын өз қалауыңызбен таңдауға болады. Бейнефильмді көріп болғаннан кейін, сұрақтар қойылады.

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

2- тапсырма

«Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген Астананың суреттерін таныстыра отырып, іледі. Әр оқушының пікірі құнді екенін ескертіңіз.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

3- тапсырма

«Бірлесіп жазу» әдісі арқылы берілген суреттерді, өздері толықтырған суреттері мен жоспарға сүйене отырып «Менің Астанам» тақырыбында шетелдік қонақтарға Астананы таныстыру мәтінін құрастыру тапсырылады. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Жоспар бойынша әр тақырыпқа не жазатынын оқушылармен талқыланады.

Жоспар:

1.Астананың тарихы

2.Құлпырған Астанам

3.Бас қаламмен мақтанам

Мұғалімнің және дарынды оқушылардың көмегімен тексеруге болады.

4- тапсырма

«Түрлі түсті жиектер» әдісімен жазылған мәтінді грамматикалық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді. Тапсырма жұпта орындалады. Бірнеше оқушыға қалау бойынша жазған жұмысын оқытуға болады. Оқылған жұмыстарды оқушылар өздері бағалайды.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

- мәтінді мазмұнына сәйкес ақпараттармен толықтырады;

- мәтіннің стилін сақтайды;

- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

ІІІ. Сабақтың соңы

Кері байланыс «Шахмат» әдісі (әр оқушы алдына шахмат тастарын қиып тарату керек)

Король: басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Ферзі: бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ладья: ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?.

Ат: шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Піл: Көңіл күй ахуалы.

Пешка: қосарым бар...

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу