Нені үйрендім? (бөлімді қайталау). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Нені үйрендім?
Оқу мақсаттары:
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.3.4.1. мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: кестеге сүйене отырып, мәтін құрай алады.
Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады.
Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады.
Бағалау критерийлері:
мәтінді толықтырып жазады;
мәтінді мазмұнына сәйкес ақпараттармен толықтырады;
мәтіннің стилін сақтайды;
мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Қажетті ресурстар: кесте, оқулық
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушылар «Молекула» ойыны бойынша 4 топқа біріктіреміз.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Болжау» стратегиясы бойынша тақтада ілінген әр тақырып суреттерінен кейіпкерлер немесе сюжетті суреттерді тамашалайды, ой бөліседі, бөлімге болжам жасайды .
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
2- тапсырма
(Ө, ОТ) «Кім жылдам» ойыны арқылы кезектесе отырып, қажетті сөзді атайды, кестеге жазады.
Әл Фараби | Ғұлама ғалым |
Хан | Абылай |
Ы. Алтынсарин | Жарық жұлдыз |
Қазақтың бас ақыны | А.Құнанбаев |
Ж.Жабаев | Халық поэзиясының алыбы |
Күй атасы | Құрманғазы |
Қажымұқан | Күш атасы |
Халық ұстазы | А.Байтұрсынов |
Міржақып Дулатов | Оян, қазақ! |
Қазақтың бұлбұлы | Күләш Байсейітова |
Бауыржан Момышұлы | Батыр ата |
Пулеметші батыр қыз | М.Мәметова |
Ә.Молдағұлова | Мерген қыз |
Тұңғыш ғарышкер | Тоқтар Әубәкіров |
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды ,мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды жауап бердің! Мәнді жауабың үшін ризамыз!
3- тапсырма
(МК, Ө) Жоспарға сүйене отырып немесе өзі таңдаған тақырыпқа шағын шығарма жазады. Жұмысты жазуға уақыт беріледі. Қатені қабілетті оқушыларға тексертуге болады немесе шығармасын оқып берген оқушылардың қатесін мұғалім өзі түзетіп береді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұмыс ортада оқылады.
«Күй атасы -Құрманғазы»
Жоспар:
1.Күйшінің өмірі
2.Құранғазының күйлері
3.Күй құдіреті.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
мәтінді толықтырып жазады;
мәтінді мазмұнына сәйкес ақпараттармен толықтырады;
мәтіннің стилін сақтайды;
мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақтың соңы
Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі
Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.
Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.
Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Ескерту: Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіруіне немесе алмастыруына болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?