Бөлімді қайталау. Не үйрендім? Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлімді қайталау. Не үйрендім?

Оқу мақсаты

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады.

Көптеген оқушылар: мәтіннен артық сөйлемдерді анықтайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, мәтінді дұрыс құрастырады, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа сәйкес мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, көркем- бейнелі сөздерді орынды қолдана отырып, қатесіз мәтін құрап жазады.

Бағалау критерийлері

        • мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді анықтайды және түзетеді;
        • мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады

Тірек сөздер

Қасиетті, тағзым, мұра, қазына, кемеңгер.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде, 3- тапсырмада, жазба жұмысында мәтінді құрастыруда сөйлемдегі сөздердің байланысын, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

«Таза тақта» әдісі

Оқушылар «Демалыс мәдениеті. Мерекелер.» бөлімі бойынша тақтаға сұрақтар жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тақта, бор.

Слайд №1-3

«Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-13 минут

14-18 минут

18-20 минут

22-24 минут

25-33 минут

34-38 минут

  • тапсырма

Ж) «Қазына тап».

Сандықта берілген мақалдардың барлығының сыңарын табатын болсақ, сандықша түбінен қазына шығады.

  • Түсіп қалған мақалдардың сыңарын тап.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)3. Тіл қылыштан... (өткір))4. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)5. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)

6. Тілге құрмет... (елге құрмет)7. Өнер алды... (қызыл тіл)

  • Мақалдар не туралы болды?
  • «Қазақ тілі - асыл қазына» деген парақшаны алып шығу.
  • тапсырма

 (ЖЖ) «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы «Қазақ тілі - асыл қазына» дегенді қалай түсінесің? Ой бөліс.

  •  «Қазақ тілі - асыл қазына» дегенді толығырақ түсіну үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
  • тапсырма

(ТЖ) «Құрастыр» Берілген мәтін бөліктерін оқыңдар. Мәтіннен артық бөлігін тауып, мәтінді құрастырыңдар.

  •  Әкенің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған қазына- мұрасы тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенін әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп кемеңгер аталы сөздің шешуін айтыпты.

Өте ертеде бір дана қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:

  •  Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан,- депті.

 Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.

  •  Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрай барады.

Саралау:

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтін бөліктерінен артық бөлікті анықтайды;
  • мәтіннің басын анықтайды.
  • мәтіннің ортасын анықтайды;
  • мәтіннің соңын анықтайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, мәтін құрастырады.

Бағалау: топтар бірін- бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Кері байланыс береді.

4-тапсырма

«Қатесін тап» дәптермен жұмыс.

Мәтіннің соңғы бөлігінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. .

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
  • мәтіндегі прунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды.

Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығулар:

  • Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
  • Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
  • Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
  • Тез арада көзді ашып – жұму;
  • Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет

  • Мақалдар не туралы?
  •  «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінде біз «Ана тіліміз» туралы қандай шығармалармен таныстық?

Жазба жұмысы

«Қасиетті тілім менің» деген тақырыпта эссе жаз.

Басы- С.Торайғыровтың «Сүйемін» өлеңінің бірінші шумағымен баста.

Ортасы- М. Әлімбайдың өлеңіндегі көркем ойды қарасөзбен жаз.

Соңы- М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің екінші шумағын пайдалан.

Оқушылар «Қасиетті тілім менің» тақырыбында жазған эсселерін «Автор орындағы» әдісі бойынша оқып береді.

Сандықтар, мақалдар жазылған парақтар.

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Жұмыс дәптері.

Слайд №5

Оқулық №129 бет

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия. «Желкенді қайық» .

Туды өз таңдауы бойынша сәйкес түске бояйды.

Жасыл- сабақ ұнады, тапсырманы орындай алдым. Өз көңілімнен шықты.

Қызыл- тапсырма орындау барысында қиындықтар кездесті. Әлі де ізденемін.

Сары- сабақта шаршадым. Тапсырманы мүлдем орындай алмадым.

Түрлі түсті қарандаштар. Қосымша №4

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Тапсырма бойынша саралау» «Көршіңмен ой бөліс», 3тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек.

«Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Жазба жұмысында» тапсырмасы орындалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Дескриптор:

  •  мәтін бөліктерінен артық бөлікті анықтайды;
  •  мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, мәтін құрастырады;
  •  мәтіндегі грамматика-лық қателерді тауып, түзетеді;
  •  мәтіндегі прунктуа-циялық қателерді тауып, түзетеді.

Сергіту сәтінде

көзге арналған жаттығулар жасалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу