Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Шайтанкөл» (Мысал). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.

ҚОСЫМША 1

Шайтанкөл (Мысал)

 Баяғыда бір байдың Сұлушаш есімді қызы болыпты. Сол байдың есігінде жүрген құлы Тезек пен күңі Шұнақ қосылып, Алтай деген ұл туады. Сөйтіп, Алтай да Сұлушаш та ержетеді. Өсе келе бір жылы туған екі жас бір - бірін ұнатып қалады. Бірақ бай қызын кедейге беруші ме еді! Содан Алтайдың Қайсар деген досы бар, Сұлушаш үшеуі бірігіп елден қашады.

 Олар қашып барып, Қарқаралы маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерге аң аулап, құс ұстап күндерін көреді.

 Бір күні Алтай құс аулап жүріп, бір үлкен құз-жартасқа кездеседі. Сол құздың қия шыңына бүркіт ұя салған екен. Алтай соған шығып бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай, шың басынан шыңырауға құлайды.

 Бұл шақта Сұлушаш Тескентаста сырнай тартып отырады. Кенет ту сыртынан ырылдаған дауыс естіледі. Жалт қараса, артында арыстан тұр екен. (Ерте кездерде Сарыарқада арыстан да жолбарыс та жортып мекен еткен). Қыз қорыққаннан көлге құлап кетеді.

 Қайсар Сұлушашты іздеп, осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі мен тақиясы жүзіп жүреді. Достарынан айырылып, қайғырған Қайсар да ендігі өмірдің мәні қалмады деп, жартастан көлге құлап өледі.

 Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

 Мысалдың негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін, мысалдан деректер келтіре отырып дәлелде.

 Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

Бұл шақта Сұлушаш Тескентаста сырнай тартып отырады. Кенет ту сыртынан ырылдаған дауыс естіледі. Жалт қараса, артында арыстан тұр екен. (Ерте кездерде Сарыарқада арыстан да жолбарыс та жортып мекен еткен). Қыз қорыққаннан көлге құлап кетеді.

ҚОСЫМША 4

Мысалдағы оқиғалар

1

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мысалдағы оқиғалар

2

Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

[attachment=26401:didaktikalyk-material-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу