Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ақ жаңбыр (Мысал). Жәнібек Карбозин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Ақ жаңбыр (Мысал)

 

 Ақ жаңбыр бір басталса, тәулік бойы тынбай жауып тұрады. Үнсіз тұрып төге берді, төге берді. Мұны көрген өткінші жаңбыр Ақ жаңбырға мақтанғысы келіп, саған «Жалқау жаңбыр» деп ат қоямын.

 – Неге? – деп таңданды ол.

 – Болбырап, жайлап, ыбылжисың да тұрасың. Ішің де пыспайды екен осы сенің. Жаусаң астан-кестеңін шығару керек қой! Міне, былай! – деді де, сатырлатып құя жөнелді. Көшедегі арықтарға су толып, лайланып аға бастады. Жүргіншілер ықты паналап жүгірісті. Әлгінде ғана бір қалыпты тып-тыныш тіршіліктің астан-кестеңі шыққандай болды. Оған қарап жатқан Өткінші жаңбыр да жоқ, өз-өзіне мәз болып, «Әне, солай!» дегендей болып, қырқадан асып кетті.

 Іле шала бұлт ыдырап, жарқырап күн де шықты. Жаңбыр суы сай-саламен ағып кетті де қалды. Самал жел есіп, өсімдіктерді тербетті.

 Шөп біткен бастарын шайқап:

 – Шөліміз қанбай қалды-ау! Өткіншінің мұнысы несі? Ұшып қонып келді де кетті! –деп ренжісті.

 Сонда бір кәрі Қурай тұрып:

 – Қиналып қайтесіңдер?! Одан да Ақ жаңбырға жайларыңды айтыңдар, – деді.

 «Әй, бұл да дұрыс екен-ау!» деп, шалғындар Ақ жаңбырға бұйымтайларын айтты.

 Ол тыңдап болып:

 – Мақұл, –деді.

 Сол-ақ екен, Ақ жаңбыр тәулік бойына асықпай жауды, жер үсті еркін сусындап, көк жайқалып, құлпырып сала берді.

Жәнібек Карбозин

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

Мысалдағы оқиғалар

1

Көшедегі арықтарға су толып, лайланып аға бастады. Жүргіншілер ықты паналап жүгірісті. Әлгінде ғана бір қалыпты тып-тыныш тіршіліктің астан-кестеңі шыққандай болды. Оған қарап жатқан Өткінші жаңбыр да жоқ, өз-өзіне мәз болып, «Әне, солай!» дегендей болып, қырқадан асып кетті.

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

 

 

 

 

Мысалдағы оқиғалар

2

Ақ жаңбыр бір басталса, тәулік бойы тынбай жауып тұрады. Үнсіз тұрып төге берді, төге берді.

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

[attachment=26236:didaktikaly-material-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу