Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ақ жаңбыр (Мысал). Жәнібек Карбозин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Су – тіршілік көзі

 

 Сабақ тақырыбы: 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ақ жаңбыр (Мысал) Жәнібек Карбозин

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 3.2.8.1 эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, ондағы эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, сюжеттің дамуындағы өзгерістердің себебін түсіндіре алады

 Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, эпизодтарды салыстырып айырмашылықтарына баға бере алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  мысалдың тақырыбын анықтайды;
  •  негізгі ойын білдіріп тұрған мысалдың бөлігін анықтайды;
  •  мысалдағы эпизодтарды салыстырады;
  •  сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.

 Сабақ барысы

 

 І. Сабақ басы:

 Ширату тапсырмасы «Терминдер» арқылы болжау әдісі арқылы ұйымдастырыңыз. Ол үшін сыныпқа сөздер салынған (ақ жаңбыр, өткінші жаңбыр) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын ертегі не жайында болатынын болжайды. Алдымен сандықтағы сөздердің тек біреуін алады, мыс: «өткінші жаңбыр». Осы сөзге қатысты болжап ойларын айтады. Соден кейін әр сөзді жеке-жеке ала отырып ойларын қоса береді. Бастапқы болжамдары өзгереді немесе жалғасып отырады.

 Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, ондағы эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыру.

 ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын негіздей алуға дағдыланады. Сөйлеу барысында суреттерді қолдануды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  «Суреттер арқылы болжау» әдісі арқылы суретке қарап, оқушылардың өздерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметтін айтуды тапсырыңыз. Сурет бойынша оқитын шығарманың тақырыбын болжауды сұраңыз. Алдыңғы «терминдер» арқылы болжағандарымен сәйкестендіреді.

 Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.

  •  Мысалдың мазмұны бойынша сурет көрсетіледі.
  •  Суретке қарап, оқушылар өзідерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметін топта ортаға салады.
  •  Сол арқылы ертегінің тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
  •  Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
  •  Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
  •  Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
  •  Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады. Ертегінің тақырыбы ашылады.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы ертегінің тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

 Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

 2-тапсырма

 Берілген тапсырма негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін тауып оқуға

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Ақ жаңбыр» мысалындағы негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта, оқы.

 1. Мысалды бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған мысалды бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды.

 2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді.

 3.(Т) Жұптар белгілеген мәтін бөліктерін топта ортаға салып, ортақ пікірге келеді. Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді.

 (Шөліміз қанбай қалды-ау! Өткіншінің мұнысы несі? Ұшып қонып келді де кетті! –деп ренжісті.)

 Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

 Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім.

 3-тапсырма

 Тапсырма оқығанда анықтаған мысылдаң негізгі ойын білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауға беріледі. Бұл оқушылардың оқығандары бойынша түсінген ақпараттарын жинақтай алуға мүмкіндік берді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

(Т) Мысалдағы оқиғаларды салыстыр. Оқушылар мысалдан екі оқиғаны таңдап алады. (Мыс:)

 1. Іле шала бұлт ыдырап, жарқырап күн де шықты. Жаңбыр суы сай-саламен ағып кетті де қалды. Самал жел есіп, өсімдіктерді тербетті.

 2.Ақ жаңбыр тәулік бойына асықпай жауды, жер үсті еркін сусындап, көк жайқалып, құлпырып сала берді

 Салыстыруға жетекші сұрақтар

  •  Мысалдағы берілген оқиғалардың ұқсастығы неде?
  •  Олар неге мәтіннің ортасында және соңында берілген?

 Саралау: «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.

 Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 

 4тапсырма

 Берілген тапсырма мысалдағы оқиғалардың дамуындағы өзгерістерді анықта, баға беруге бағытталады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) Мысалдағы оқиғалардың дамуындағы өзгерістерді анықта, баға бер.

 1. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ кестеде берілген оқиғалардың дамуындағы өзгерістердің неге олай болғандығын түсіндіреді, баға берді

 

Мысалдағы оқиғалар

1

Көшедегі арықтарға су толып, лайланып аға бастады. Жүргіншілер ықты паналап жүгірісті. Әлгінде ғана бір қалыпты тып-тыныш тіршіліктің астан-кестеңі шыққандай болды. Оған қарап жатқан Өткінші жаңбыр да жоқ, өз-өзіне мәз болып, «Әне, солай!» дегендей болып, қырқадан асып кетті.

 

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мысалдағы оқиғалар

2

Ақ жаңбыр бір басталса, тәулік бойы тынбай жауып тұрады. Үнсіз тұрып төге берді, төге берді.

 

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

 Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

 Қ/Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады.

ІІІ. Сабақтың соңы

 Рефлексия: «Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

 Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 

 

[attachment=26237:nsauly-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу