Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Шайтанкөл» (Мысал). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Тарау: Менің Отаным – Қазақстан

 

 Сабақ тақырыбы: 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Шайтанкөл (Мысал)

 

 Оқу мақсаттары:

 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

 4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді

 Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады.

 

 Бағалау критерийлері

  •  мысалдың тақырыбын анықтайды;
  •  негізгі ойын білдіріп тұрған мысалдың бөлігін мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді
  •  мысалды кинофильм нұсқасымен салыстырады

 Сабақ басы:

 Ширату тапсырмасы «Терминдер» арқылы болжау әдісі арқылы ұйымдастырыңыз. Ол үшін сыныпқа сөздер салынған (көл, Қарқаралы, аңыз) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын ертегі не жайында болатынын болжайды. Алдымен сандықтағы сөздердің тек біреуін алады, мыс: «көл». Осы сөзге қатысты болжап ойларын айтады. Соден кейін әр сөзді жеке-жеке ала отырып ойларын қоса береді. Бастапқы болжамдары өзгереді немесе жалғасып отырады.

 Сабақ мақсаты: : шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру. Бағалау критерийімен таныстыру.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма.

 Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын негіздей алуға дағдыланады. Сөйлеу барысында суреттерді қолдануды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  «Суреттер арқылы болжау» әдісі арқылы суретке қарап, оқушылардың өздерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметтін айтуды тапсырыңыз. Сурет бойынша оқитын шығарманың тақырыбын болжауды сұраңыз. Алдыңғы «терминдер» арқылы болжағандарымен сәйкестендіреді.

 Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.

  •  Мысалдың мазмұны бойынша сурет көрсетіледі.
  •  Суретке қарап, оқушылар өзідерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметін топта ортаға салады.
  •  Сол арқылы ертегінің тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
  •  Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
  •  Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
  •  Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
  •  Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады. Ертегінің тақырыбы ашылады.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы ертегінің тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

 Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

 2-тапсырма.

 Берілген тапсырма негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін тауып оқуға

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Шайтанкөл» мысалындағы негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта, оқы.

 1. Мысалды бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған мысалды бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды.

 2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді.

 3.(Т) Жұптар белгілеген мәтін бөліктерін топта ортаға салып, ортақ пікірге келеді. Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді.

 Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

 Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім.

 3-тапсырма.

 Тапсырма оқығанда анықтаған мысылдаң негізгі ойын білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауға беріледі. Бұл оқушылардың оқығандары бойынша түсінген ақпараттарын жинақтай алуға мүмкіндік берді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

(Т) Мысалдың негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін, мысалдан деректер келтіре отырып дәлелде. Оқушылар мысалдан екі оқиғаны таңдап алады. (Мыс:)

 1. Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

 2. Бұл шақта Сұлушаш Тескентаста сырнай тартып отырады. Кенет ту сыртынан ырылдаған дауыс естіледі. Жалт қараса, артында арыстан тұр екен. (Ерте кездерде Сарыарқада арыстан да жолбарыс та жортып мекен еткен). Қыз қорыққаннан көлге құлап кетеді.

 Деректер келтіре отырып дәлелде. Дәлелдер келтіруге жетекші сұрақтар:

  •  Мысалдың осы бөліктері негізгі ойды білдіріп тұрғанын дәлелде, себебін түсіндір.
  •  Берілген оқиғдан ««Шайтанкөл» атануының себебін түсіндір
  •  Олар неге мысалдың ортасында және соңында берілген?

 Саралау: «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.

 Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 

 4тапсырма.

 Берілген тапсырма мысалдағы оқиғалардың дамуындағы өзгерістерді анықта, баға беруге бағытталады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) Мысалды кинофильм нұсқасымен салыстыр.

 1. «Шайтанкөл» бейнежазбасын топта көріп танысады. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ кестеде берілген оқиғалардың бөліктерін бейнежазбада қалай көрсетілгенін кестеге жазады..

 

Мысалдағы оқиғалар

1

Олар қашып барып, Қарқаралы маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерге аң аулап, құс ұстап күндерін көреді.

 

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мысалдағы оқиғалар

2

Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

 

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

 Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

 Қ/Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

 Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26402:nuskaulyk-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу