👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Шайтанкөл» (Мысал). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Шайтанкөл» (Мысал)

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді

Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • мысалдың тақырыбын анықтайды;
  • негізгі ойын білдіріп тұрған мысалдың бөлігін мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді
  • мысалды кинофильм нұсқасымен салыстырады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мысалдың осы бөліктері негізгі ойды білдіріп тұрғанын дәлелде, себебін түсіндір.
  • Берілген оқиғдан ««Шайтанкөл» атануының себебін түсіндір
  • Олар неге мысалдың ортасында және соңында берілген?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста бір-біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пән аралық байланыс

Жазу барысында сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлемнің тыныс белгісін қойып, қазақ тілі пәнінен алған білемдерін байланыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=Hlz6FAkbuMc

Бастапқы білім

шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады, мысалды кинофильм нұсқасымен салыстырады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату: «Терминдер» арқылы болжау әдісі.

Нұсқау: сыныпқа сөздер салынған (көл, Қарқаралы, аңыз ) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын мысалдың не жайында болатынын болжайды.

Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.

Слайд № 4

Слайд № 2, 3

Сабақтың ортасы

4-8 минут

9-19 минут

21-28 минут

29-36 минут

  • тапсырма

(Ұ,Т). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.

  • Мысалдың мазмұны бойынша сурет көрсетіледі.
  • Суретке қарап, оқушылар өзідерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметін топта ортаға салады.
  • Сол арқылы мысалдың тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
  • Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
  • Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
  • Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
  • Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады. Ертегінің тақырыбы ашылады.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Шайтанкөл» мысалындағы негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта, оқы.

1. Мысалды бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған мысалды бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды.

2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді.

3.(Т) Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім.

3-тапсырма

) Мысалдың негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін, мысалдан деректер келтіре отырып дәлелде.

Оқушылар мысалдан екі оқиғаны таңдап алады. (Мыс:

 Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

 Бұл шақта Сұлушаш Тескентаста сырнай тартып отырады. Кенет ту сыртынан ырылдаған дауыс естіледі. Жалт қараса, артында арыстан тұр екен. (Ерте кездерде Сарыарқада арыстан да жолбарыс та жортып мекен еткен). Қыз қорыққаннан көлге құлап кетеді.

Деректер келтіре отырып дәлелде. Дәлелдер келтіруге жетекші сұрақтар:

  • Мысалдың осы бөліктері негізгі ойды білдіріп тұрғанын дәлелде, себебін түсіндір.
  • Берілген оқиғдан ««Шайтанкөл» атануының себебін түсіндір
  • Олар неге мысалдың ортасында және соңында берілген?

Саралау: «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.

Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе.

4-тапсырма

(Т) Мысалды кинофильм нұсқасымен салыстыр.

1. «Шайтанкөл» бейнежазбасын топта көріп танысады.

2. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ кестеде берілген оқиғалардың бөліктерін бейнежазбада қалай көрсетілгенін кестеге жазады..

Мысалдағы оқиғалар

1

Олар қашып барып, Қарқаралы маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерге аң аулап, құс ұстап күндерін көреді.

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мысалдағы оқиғалар

2

Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

Осы оқиға қалай өзгерді? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

Қ/Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады.

Слайд №5 Қосымша № 2

Слайд № 6

Слайд № 7

Қосымша № 3

Слайд № 8

Қосымша № 4

https://www.youtube.com/watch?v=Hlz6FAkbuMc

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады.

Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Слайд № 9

Саралау. 1- тапсырмда «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.

2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырмада «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.

4-тапсырмада топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

Дескриптор

  • мысалдың тақырыбын анықтайды;
  • негізгі ойын білдіріп тұрған мысалдың бөлігін анықтайды;
  • мысалдағы оқиғаларды салыстырады
  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы