Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ақ жаңбыр (Мысал). Жәнібек Карбозин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлімі: Су – тіршілік көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қ. Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ақ жаңбыр (Мысал) Жәнібек Карбозин | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау 3.2.8.1 эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, ондағы эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, сюжеттің дамуындағы өзгерістердің себебін түсіндіре алады Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, эпизодтарды салыстырып айырмашылықтарына баға бере алады | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: өткінші жаңбыр, іле шала, болбырап, астан-кестеңі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыста бір-біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады. Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. | |||||||||||||
Пән аралық байланыс | Жазу барысында сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлемнің тыныс белгісін қойып, қазақ тілі пәнінен алған білемдерін байланыстырады. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=iOClEPWg8hw Жау, жау жаңбыр әнін тыңдау | |||||||||||||
Бастапқы білім | шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алады | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату: «Терминдер» арқылы болжау әдісі. Нұсқау: сыныпқа сөздер салынған (ақ жаңбыр, өткінші жаңбыр) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын мысалдың не жайында болатынын болжайды. Сабақ басында көңілді орта бейімдеу мақсатында «Жау, жау, жаңбыр» әнін балалармен бірге айту. Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, ондағы эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 4 Слайд № 2, 3 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-8 минут 9-19 минут 21-28 минут 29-36 минут |
(Ұ,Т). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді. Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды. 2-тапсырма (Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Ақ жаңбыр» мысалындағы негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта, оқы. 1. Мысалды бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған мысалды бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды. 2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді. 3.(Т) Жұптар белгілеген мәтін бөліктерін топта ортаға салып, ортақ пікірге келеді. Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді. (Шөліміз қанбай қалды-ау! Өткіншінің мұнысы несі? Ұшып қонып келді де кетті! –деп ренжісті.) Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім. 3-тапсырма (Т) Мысалдағы оқиғаларды салыстыр. Оқушылар мысалдан екі оқиғаны таңдап алады. (Мыс:
Салыстыруға жетекші сұрақтар
Саралау: «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі. Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе. 4-тапсырма (Т) Мысалдағы оқиғалардың дамуындағы өзгерістерді анықта, баға бер. 1. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ кестеде берілген оқиғалардың дамуындағы өзгерістердің неге олай болғандығын түсіндіреді, баға берді.
Осы оқиға қалай өзгерді? –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Олай өзгеруінің себебі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Осы оқиға қалай өзгерді? –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Олай өзгеруінің себебі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады. Қ/Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады. | Слайд № 5 Қосымша № 2 Слайд № 6 Қосымша № 3 Слайд № 7 Слайд № 8 Қосымша № 4 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | «Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады. Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады. | Слайд № 9 | ||||||||||||
Саралау. 1- тапсырмда «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді. 2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. 3-тапсырмада «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі. 4-тапсырмада топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады. | Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?