👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Е.Естаев «Біздің Мәншүк». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Атақты тұлғалар

 Сабақ тақырыбы: 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

 Е.Естаев «Біздің Мәншүк»

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу

 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар шығарманың тақырыбын анықтай алады, эпизодтерді салыстыра алады.

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады, эпизодтерді салыстыра отырып, сюжеттің дамуын көрсетеді.

 Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.

 Бағалау критерийлері:

  •  мәтінге тақырып қояды;
  •  мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды;
  •  оқиға барысында болған өзгерістерді анықтай алады.

 

 Қажетті ресурстар

 

 

 

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы:

 Сабақтың басында ширату жаттығуы «Eкi қoлды жұмыcқa жұмылдыpy» ойыны арқылы орындалады.

 Оқушыларға бір парақ қағаз, екі қаламнан таратылады. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.

  •  Екі қолымен бір уақытта жұлдыз салу.

 Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapы ескертіледі.

 Тапсырманы орындату кезінде мидың екі бөлігі қатар жұмыс жасауын, шапшаң ойлауларын жетілдіруге болады.

 Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: дөңгелек, үшбұрыш, жұлдыз.

 Оқушылардың салған суреттері бойынша (жұлдызды) тақырыпқа байланыстырып әңгімелеу жүргізіледі.

  •  Жұлдыз фигурасы біздің тақырыпқа қалай байланысты деп ойлайсыңдар?

 Оқушыларға түрлі түсті жұлдыздар таратылып, түстеріне қарай үш топқа бөлу ұсынылады.

 Бастапқы білімді қайталау

 (Ө; Ұ) «Ыстық картоп» ойыны

 Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің нұсқауымен ойын басталады. Ыстық картоп болып домаланған қағаз дайындалады. «Ыстық картоп» деп айтылған кезде балалар бір-біріне тез-тез кезектесіп беріп отыру керек. «Тоқта!» деген нұсқау берілген кезде кімнің қолында картоп қалды, сол бала тездетіп алдыңғы сабақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру керек. Бастапқы білімді қайталауға арналған сұрақтар соңына дейін ойын бірнеше айналымда жүзеге асырылады.

 Оқу мақсатын хабарлау.

  •  Шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді таба аламыз. Сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай аламыз.

 Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма

 Бейнебаян көрсету

 «Мәншүк туралы дастан» бейнеролигінен үзінді көрсетіледі.

Бейнебаян: https://www.youtube.com/watch?v=uE9s1jeKVds

 Көрсетілген бейнероликке байланысты «Сұрақ жауап» әдісімен танысатын шығарманың тақырыбын анықтау ұсынылады.

 Сұрақтар үлгісі:

  •  Бейнебаянда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің аты кім?
  •  Мәншүк есімі сендерге таныс па?
  •  Мәншүк мектеп бітірген соң қайда оқып еді?
  •  Мәншүк анасының аты кім еді?
  •  Мәншүктің мінезі туралы не айтылған екен?

 Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) От шашу» әдіс арқылы сұрақтарды талқылау кезінде дұрыс мағыналы жауап берген оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.

 

 2-тапсырма

 «Бірлескен оқылым» әдісі арқылы Е.Естаевтің «Біздің Мәншүк» әңгімесін тізбектеп оқу ұсынылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сараптамалық оқуға назар аударылады.

 «Кубизм» әдісімен Е.Естаевтің «Біздің Мәншүк» әңгімесін мұғалімнің көмегіне сүйене отырып негізгі ойды анықтап, талқылау ұсынылады.

 Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топқа әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі кезектесіп «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айта отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табады.

 «Кубизм» әдісі бойынша талқылауға берілетін әңгіме нысандары:

 1. Сюжет

 2. Кейіпкер

 3. Оқиға

 4. Негізгі ой

 5. Тақырып

 6. Әдеби көркемдегіш құралдар

 Саралау. Қорытынды тәсілі арқылы. Жүргізіледі.Топта оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болатыны күтіледі. Тапсырмада жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Бұл тәсілде барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

 (ҚБ) «Смайл» әдісі

 Оқушыларды өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, оқу мақсатына байланысты мәтіндегі негізгі ойды анықтағандары үшін смайликтер таратылады.

 

 3-тапсырма

  «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушыларға соғыс уақытындағы, соғыстан кейінгі оқиға суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.

 Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты кейіпкердің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінінің суреттерін алдын ала дайындалады.

 Топтағы оқушыларды кейіпкер Мәншүктің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінін (фотосы) көрсетіп салыстырады, мәтіндегі сюжеттің дамуындағы өзгерістерді талдайды.

 

 

 Саралау: Қapқын тәciлi apқылы тапсырмаларды орындау барысында қарқыны жылдам оқушыларға қосымша кейіпкерді сипаттау ұсынуға болады.

 (ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы оқушылар ынтaлaндыpылады.

 

 Сергіту сәті

 «Көңілді күн» әннің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

 Ұлы Отан соғыс ардагерлері туралы әңгімелеу жүргізуді ұсынуға болады. Оқушылар қазіргі ашық аспан мен көңілді күнімізге алғыс айтып, пікір алмасады.

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

 

 4-тапсырма

 «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Біздің Мәншүк» әңгімесін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлікті тауып көшіріп жазу ұсынылады.

 Мәтін мазмұны бойынша үлгі сұрақтар:

  •  Мәншүк қай қалаға шабуылға жіберілді?
  •  Жарлыған зарядтың сынығы батыр қыздың қай жеріне қадалды?
  •  Батыр жауды қалай қарсы алды?
  •  Сол кезде Мәншүктің қаза тапқан жау солдаттарының саны?
  •  Мәншүк Маметованың ерлігі қалай бағаланды?

«Қазақстың батыр қыздары» бейнеролигінен Мәншүк Маметованың өмірбаяны туралы қосымша бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=vXG7laNcYhs

 Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға Мәншүктің балалық шағы туралы әңгімелеуді ұсынуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау.

 Дескрипторлар:

  •  мәтінге сәйкес тақырып қояды;
  •  мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия.

  «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

 Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым.

 Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым.

 Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым.

 Үйге тапсырмасына Ұлы Отан соғысында қаза болған атақты тұлғалар туралы деректер қарастырып, әңгімелеп келу ұсынылады..

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп ұсына алады.

 

 

[attachment=26119:nsauly-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau-2.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы