Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сынып: 4
Сабақ тақырыбы:2.3. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау.
Оқу мақсаттары:
4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады;
Көпшілік оқушылар: суретті пайдаланып, талдау ретінде эссе жаза алады;
Кейбір оқушылар: орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Бағалау критерийлері:
•шығарма тақырыбын суреттер арқылы анықтайды;
•суретті пайдаланып эссе жазады;
•орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Тірек сөздер: ең сұлу, ең қымбатты, жер беті, қайталанбас сұлулық, ерекше төзімді, ғылыми-техникалық прогресс.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы
Топтарға бірігу:
Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну
Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны
Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
ІІ.Сабақтың ортасы
Ой қозғау
-Ақселеу Сейдімбек кім?
-Ол туралы не білесің?
Қосымша мәлімет:
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
(1942 - 2009 жыл) Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келеген. Жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор
1-тапсырма
(МК, Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша суретке қарап әңгімелеу арқылы тақырыпқа болжам жасайды. Шығарма тақырыбын анықтайды.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
2- тапсырма
(ОТ, МК, Т) «Бірлесіп оқу» әдісі арқылы берілген мәтінді оқып шығады.
«Бір сөйлем» әдісі арқылы алдымен топта, одан соң жұптаса отырып кестені толтырады.
Мәтін тақырыбы | |
Жазушының тақырыпты түсіну сөйлемі, тұжырымы | |
Көркем ойды дамыту | |
Қорытынды |
Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.
Б «Қол шапалақтау»
3- тапсырма
(Ө, С, Қ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген Астананың суреттерін таныстыра отырып, іледі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Табиғат» тақырыбына өз ойларын эссе ретінде жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.
Б «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
ІІІ.Сабақтың соңы
«Кемпірқосақ»
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі күлгін түстен жоғары орналасқан қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?