Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ел аузынан. «Жиренше шешен». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Мәдени мұра

 Сабақ тақырыбы: 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 Ел аузынан. «Жиренше шешен»

 Оқу мақсаттары:

 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;

 Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді

 Бағалау критерийлері:

  • мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы:

 Сабақтың басында ширату жаттығуы «Броундық қозғалыс» ойыны арқылы орындалады.

 Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

 Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

 

 

 Бастапқы білімді қайталау.

 (Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Өткен сабақтың тақырыбына байланысты деректермен таныстырылады.

 Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады.

 Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

 (ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады.

 

 Оқу мақсатын анықтау.

 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың мазмұны бойынша сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана білу.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма. Тыңдайық.

 (Ұ; МК) «Жиренше шешен» аңызын мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Жиренше шешен туралы қосымша мағлұмат беріледі. .

 Үлгі сұрақтар:

  •  Аңыз не туралы деп ойлайсың?
  •  Ақсақалға кездескен жолаушы жігіттің сұрағының ойы қандай еді?
  •  Жолаушы жігіттің сұрақтарындағы ойының дұрыстығын ақсақалға кім болжап берді?
  •  Жолаушылап кезіккен жас жігіт кім болды екен?
  •  Қарашаш сұлу туралы білетіңдерін бар ма?

 Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін

 (ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау.

 

 2-тапсырма

 (Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі.

 Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды.

 Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:

  • пікір

шығарманың тақырыбын жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

  • мысал

Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады

 Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

 ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

 

 Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны

 (Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)

 Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады.

 

 3-тапсырма

  Қалыптастырушы бағалау

 (Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «әдісі арқылы «Жиренше шешен» аңызын түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілейді.

 Бұл әдісте оқушылар санына қарай бес оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді:

  1-оқушы-талқылаушы, Жиренше шешен туралы оқыған аңызды топ ішінде талқылайды.

 2-оқушы-белгілеуші, талқылаудан соң мәтіннің тақырыбы не екенін белгілейді;.

 3-оқушы-байланыстырушы, тақырыпты мәтінмен байланыстыра отырып, негізгі ойды анықтайды;.

 4-оқушы-қорытындылаушы, автордың ойын мәтін деректерінен келтіреді;.

 5-оқушы-суреттеуші, келтірілген деректерге сүйене отырып, автордың ойын дәлелдейді.

 Үлгі сұрақтар:

  • Ақсақалға жолаушылап кім кездеседі?
  • Ақсақал неліктен жолаушы жігітке күдіктене қарайды?
  • Ақсақалды үйінде кім күтіп алады?
  • Ол қыз кім еді?
  • Жолаушы жігіт кім еді?
  • Жиренше шешеннің басқа қандай аңыздарын білесіңдер ?

 Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға мәтіннен келтірілген деректерге сүйене отырып қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау.

  • шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;
  • суреттер бойынша өз ойларын айтады;
  • автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

 Сабақтың соңы.

 4-тапсырма

 (Т) Топсатырайық

«Ассоциация» әдісі арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты иллюстрация түрінде беру ұсынылады. Бір парақ бес сызыққа бөлінеді. Әр топ бір шумақтан мәтінді бірлесіп оқып, әр сызыққа үш ассоциациялық сөз топтастыру, оның ішінен 8 ассоциациялық сөз іріктеп алу керек. Екі топ өздерінен іріктелген сөздерді біріктіре отырып 4 ассоциациялық сөз таңдап алады. Соңында шығармаға байланысты нақты ассоциативті сөздер іріктеліп алыну керек. Жаттығу барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу, тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары дамиды.

Мысалы: жолаушы, ақсақал, қыз, ауыл, қамшы т.б..

 Саралау: саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады.

 (ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау.

 

 Рефлексия

 «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

 Тік көтерсе – мәтіндегі негізгі ойды анықтай аламын, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана аламын.

 Жанына туссе – негізгі ойды анықтай аламын, иллюстрациялар бойынша ашық сөйлей алмаймын.

 Төмен түссе – негізгі ойды анықтай алмадым, иллюстрациялар бойынша еркін сөйлей алмадым.

 Үйге тапсырма. Жиренше шешеннің басқа да аңыздарын оқып, негізгі ойын анықтау, немесе мәтін мазмұныны бойынша сурет салып әкелу ұсынылады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.

 

[attachment=26500:nsauly-2_3-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу