Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ел аузынан. «Жиренше шешен». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Броундық қозғалыс» ойыны

Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

Қосымша №2

«Білім қоржыны»

Қосымша №3

«Сұрақ жауап» әдісі

Жиренше шешен

Ел ауызынан

 Жолаушылап келе жатқан жас жігіт қарт адамға кездеседі. Олар ауылға жақындағанда бейітке қайтыс болған адамды жерлеп жатқанын көреді. Ақсақал: көптен сырқаттанып жатқан азаматымыз бар еді, сол қайтыс болған екен, - дейді.

 Жігіт:

 Ол, азамат өтірік өліп жатыр ма, шын өліп жатыр ма? – дейді. Ақсақал жігіттің бетіне таңдана, күдіктене қарайды.

 Жігіт: – балалары бар ма еді? – дейді. Ақсақал: бар, - десе, Жігіт:

 Өзінің балалары ма, басқаның балалары ма? – дейді.

 Ақсақал жігітке түңіле қарайды. Ауылдың шетіне келгеннен кейін ақсақал бұрылып үйіне, жігіт өз бағытымен кетеді. Ақсақалдың бойжеткен қызы бар екен, әкесін аттан түсіріп, сізбен бір жолаушы адам келе жатыр еді ғой күн кешкіріп қалды, қонақ бол демедіңіз бе? – дейді. Әкесі жігіттің есімін дұрыс еместігіне күддіктенгендігін айтып, қойған сұрақтарын қайталайды. Қызы:

 – Әке, жігітті түсінбеген екенсіз, ол ақылды жігіт екен. Бірінші сұрағы: балалары бар ма? – дегені еді. Екінші сұрағы: ұл ма, қыз ба? – деп сұрағаны еді депті.

 Жігіттің соңынан арнайы шақырып кісі жіберіп қонақ етіпті. Жігіт – атақты Жиренше шешен екен. Қыз – Қарашаш сұлу екен.

 Жиренше шешенмен жолаушылап бірге келе жатқан жігіт:

 Шешен, балаларыңыз бар ма? – дейді.

 Жиренше шешен:

 Бір азаматым бар дейді.

 Үйіне келіп аттан түсіп жатқандарында алдарынан жүгіріп, үш төрт жастағы бала шығады.

 Жолаушы жігіт:

 Е, немереңіз де бар екен ғой – дейді.

 Жиренше шешен:

 -Жоқ, әлгі айтқан азаматым осы, - дейді.

 Жігіт:

 Шешен, мына бала азамат болып ер жеткенше, біраз уақыт керек қой, - дейді. Сонда, Жиренше қолындағы қамшысын жерге тастап жіберіп:

 Балам, қамшымды әперші, - дейді. Бала жүгірі келіп, қамшысын әпереді.

 Сонда, Шешен: – міне, қолғабысын тигізген азамат деген осы болады, - деген екен.

Үлгі сұрақтар:

-Аңыз не туралы деп ойлайсың?

-Ақсақалға кездескен жолаушы жігіттің сұрағының ойы қандай еді?

-Жолаушы жігіттің сұрақтарындағы ойының дұрыстығын ақсақалға кім болжап берді?

-Жолаушылап кезіккен жас жігіт кім болды екен?

-Қарашаш сұлу туралы білетіңдерін бар ма?

Қосымша №4

«Төрт сөйлем» тәсілі

  • пікір

шығарманың тақырыбын жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

  • мысал

Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады

Қосымша №5

«Қалыптастырушы бағалау

«Әдеби шеңбер»

Шығарманың маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындаңдар.

Үлгі сұрақтар:

-Ақсақалға жолаушылап кім кездеседі?

-Ақсақал неліктен жолаушы жігітке күдіктене қарайды?

-Ақсақалды үйінде кім күтіп алады?

-Ол қыз кім еді?

-Жолаушы жігіт кім еді?

-Жиренше шешеннің басқа қандай аңыздарын білесіңдер ?

Дескрипторлар:

шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;

суреттер бойынша өз ойларын айтады;

автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды.

Қосымша №6

Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

Тік көтерсе – мәтіндегі негізгі ойды анықтай аламын, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана аламын.

Жанына туссе – негізгі ойды анықтай аламын, иллюстрациялар бойынша ашық сөйлей алмаймын.

Төмен түссе – негізгі ойды анықтай алмадым, иллюстрациялар бойынша еркін сөйлей алмадым.

[attachment=26499:didakt_material-2_3-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу