Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Е.Естаев «Біздің Мәншүк». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
«Eкi қoлды жұмыcқa жұмылдыpy» ойыны.
Фигуралар үлгісі:
Қосымша №2
«Сұрақ жауап» әдісі
Сұрақтар үлгісі:
-Бейнебаянда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің аты кім?
-Мәншүк есімі сендерге таныс па?
-Мәншүк мектеп бітірген соң қайда оқып еді?
-Мәншүк анасының аты кім еді?
-Мәншүктің мінезі туралы не айтылған екен?
Қосымша №3
«Біздің Мәншүк»
1943 жыл. Күз айы. Лейтенант Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келді. Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылды. Олардың ішінде Мәншүк Мәметова бар еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді. Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз «Максим» пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады, оларды шөпше жапырды. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды. Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгерілей бастады. Мұны көргенде, Мәншүк те ызалана түсті.
Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай, майдандас серігі «Максимге» қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Тағы да жаудың жетпіс солдаты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты. Осы шайқаста Мәншүк Отаны, елі үшін асқан ерлікпен, батырлықпен қаза тапты. Мәншүк Мәметованың ерлігі аса жоғары бағаланып, оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.
Е.Естаев
«Кубизм» әдісі
«Кубизм» әдісі бойынша талқылауға берілетін әңгіме нысандары:
1.Сюжет
2.Кейіпкер
3.Оқиға
4.Негізгі ой
5.Тақырып
6.Әдеби көркемдегіш құралдар
Қосымша №4
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы
Мәншүктің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) бейнесі
Пирамида сызбасы:
Қосымша №5
«Әдеби шеңбер» әдісі
Мәтін мазмұны бойынша үлгі сұрақтар:
-Мәншүк қай қалаға шабуылға жіберілді?
-Жарлыған зарядтың сынығы батыр қыздың қай жеріне қадалды?
-Батыр жауды қалай қарсы алды?
-Сол кезде Мәншүктің қаза тапқан жау солдаттарының саны?
-Мәншүк Маметованың ерлігі қалай бағаланды?
Қосымша №6
Рефлексия
«Бас бармақ» әдісі
Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым.
Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым.
Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?