Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Е.Естаев «Біздің Мәншүк». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Е.Естаев «Біздің Мәншүк»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу

3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар шығарманың тақырыбын анықтай алады, эпизодтерді салыстыра алады.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады, эпизодтерді салыстыра отырып, сюжеттің дамуын көрсетеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.

Бағалау критерийлері

  •  мәтінге тақырып қояды;
  •  мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды;
  •  оқиға барысында болған өзгерістерді анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін көрсете алады, эпизодтерді салыстыруда ойын ашық жеткізе алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: пулеметшілер, зеңбірек, жалын шашқан оқ, асқан ерлік, Кеңес Одағының Батыры.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мәншүк тапсырманы орындай алды ма?
  • Мәншүк жауды жалын шашқан оқпен қарсы алмаса, оқиға қалай өзгерер еді?

Құндылықтарды дарыту

Мәтін мазмұнына байланысты жауынгер батырлығы мен ерлігін мақтан тұтуға үйрету, Батыр қаздың патриотизмі мен азаматтық жауапкершілігін үлгі етіп, бойларына сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Мәтін мазмұнына байланысты Мәншүктің мүсінін талдау арқылы көркем еңбек пәнімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

«Мәншүк туралы дастан» бейнеролик көрсету

https://www.youtube.com/watch?v=uE9s1jeKVds

https://www.youtube.com/watch?v=vXG7laNcYhs

Бастапқы білім

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды, мәтін мазмұны бойнша сюжеттің дамуын көрсете алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут

4-8 минут

Ширату жаттығуы

; МК) «Eкi қoлды жұмыcқa жұмылдыpy»

Оқушыларға бір парақ қағаз, екі қаламнан таратылады. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.

  • Екі қолымен бір уақытта жұлдыз салу.

Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapы ескеріледі.

Тапсырманы орындату кезінде мидың екі бөлігі қатар жұмыс жасауын, шапшаң ойлауларын жетілдіруге болады.

Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: дөңгелек, үшбұрыш, жұлдыз.

Оқушылардың салған суретін (жұлдызды) тақырыпқа байланыстырып әңгімелеу.

Жұлдыздардың түстеріне қарай үш топқа бөлу.

Бастапқы білімді қайталау

; Ұ). «Ыстық картоп» ойыны

Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің нұсқауымен ойын басталады. Ыстық картоп болып домаланған қағаз дайындалады. «Ыстық картоп» деп айтылған кезде балалар бір-біріне тез-тез кезектесіп беріп отыру керек. «Тоқта!» деген нұсқау берілген кезде кімнің қолында картоп қалды, сол бала тездетіп алдыңғы сабақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру керек. Бастапқы білімді қайталауға арналған сұрақтар соңына дейін ойын бірнеше айналымда жүзеге асырылады.

Оқу мақсатын хабарлау.

  • Шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді таба аламыз. Сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай аламыз.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд №1-3

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

9-11 минут

12-15 минут

15-17 минут

18-23 минут

24-28 минут

29-31 минут

32-36 минут

1-тапсырма

(МК, Ұ) Бейнебаян көрсету

«Мәншүк туралы дастан» бейнеролигінен үзінді көрсету

«Сұрақ жауап» әдісімен танысатын шығарманың тақырыбын анықтау ұсынылады.

Сұрақтар үлгісі:

  • Бейнебаянда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің аты кім?
  • Мәншүк есімі сендерге таныс па?
  • Мәншүк мектеп бітірген соң қайда оқып еді?
  • Мәншүк анасының аты кім еді?
  • Мәншүктің мінезі туралы не айтылған екен?

Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) От шашу» әдіс арқылы сұрақтарды талқылау кезінде дұрыс мағыналы жауап берген оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.

2-тапсырма

(МК, Т) «Бірлескен оқылым» әдісі арқылы Е.Естаевтің «Біздің Мәншүк» әңгімесін тізбектеп оқу ұсынылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сараптамалық оқуға назар аударылады.

«Кубизм» әдісімен Е.Естаевтің «Біздің Мәншүк» әңгімесін мұғалімнің көмегіне сүйене отырып негізгі ойды анықтап, талқылау ұсынылады.

Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топқа әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі кезектесіп «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айта отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табады.

«Кубизм» әдісі бойынша талқылауға берілетін әңгіме нысандары:

1. Сюжет

2. Кейіпкер

3. Оқиға

4. Негізгі ой

5. Тақырып

6. Әдеби көркемдегіш құралдар

Саралау. Қорытынды тәсілі арқылы жүргізіледі. Топта оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болатыны күтіледі. Тапсырмада жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Бұл тәсілде барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

(ҚБ) «Смайл» әдісі

Оқушыларды өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, оқу мақсатына байланысты мәтіндегі негізгі ойды анықтағандары үшін смайликтер таратылады.

3-тапсырма

(Т) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушыларға соғыс уақытындағы, соғыстан кейінгі оқиға суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.

Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты кейіпкердің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінінің суреттерін алдын ала дайындалады.

Топтағы оқушыларды кейіпкер Мәншүктің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінін салыстырады, мәтіндегі сюжеттің дамуындағы өзгерістерді талдайды.

Саралау: Қapқын тәciлi apқылы тапсырмаларды орындау барысында қарқыны жылдам оқушыларға қосымша кейіпкерді сипаттау ұсынуға болады.

(ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы оқушылар ынтaлaндыpылады.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әннің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

Ұлы Отан соғыс ардагерлері туралы әңгімелеу жүргізуді ұсынуға болады. Қазіргі ашық аспан мен көңілді күнімізге алғыс айтуға үйрету.

4-тапсырма

(Ұ, Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Біздің Мәншүк» әңгімесін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлікті тауып көшіріп жазу ұсынылады.

Мәтін мазмұны бойынша үлгі сұрақтар:

  • Мәншүк қай қалаға шабуылға жіберілді?
  • Жарлыған зарядтың сынығы батыр қыздың қай жеріне қадалды?
  • Батыр жауды қалай қарсы алды?
  • Сол кезде Мәншүктің қаза тапқан жау солдаттарының саны?
  • Мәншүк Маметованың ерлігі қалай бағаланды?

«Қазақстың батыр қыздары» бейнеролигінен Мәншүк Маметованың өмірбаяны туралы қосымша бейнеролик көрсетіледі.

Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі арқылы жүргізіледі. Қарқыны жылдам оқушыларға Мәншүктің балалық шағы туралы әңгімелеуді ұсынуға зеңбірегінің суретін салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау:

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды;
  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.

Бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=uE9s1jeKVds

Слайд №4

Қосымша №2

Оқу жоспары 85 бет

Қосымша №3

Слайд №4

Слайд №5

Қосымша №4

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Қосымша №5

Слайд №6

«Қазақстың батыр қыздары» бейнеролигі

https://www.youtube.com/watch?v=vXG7laNcYhs

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия.

(Ұ) «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым.

Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым.

Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым.

Үйге тапсырмасына Ұлы Отан соғысында қаза болған атақты тұлғалар туралы деректер қарастырып, әңгімелеп келу ұсынылады.

Қосымша №6

Слайд №7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма Қорытынды тәсілі арқылы топта оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болатыны күтіледі. Тапсырмада жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Бұл тәсілде барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

3–тапсырма Қapқын тәciлi apқылы тапсырмаларды орындау барысында қарқыны жылдам оқушыларға қосымша кейіпкерді сипаттау ұсынуға болады.

4-тапсырма Қарқын тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Қарқыны жылдам оқушыларға Мәншүктің зеңбірегінің суретін салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар:

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды;
  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.

Бағалау әдістері:

«От шашу», «Смайл», әдістері, ауызша мадақтау,

Бағдаршам көздері арқылы. Түрлі-түсті жиектер, т.б.

Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу