Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Әтеш пен бұлбұл». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қ. Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Әтеш пен бұлбұл» ертегісі | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу. 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу. | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, кейіпкерге хат жазып, ойымен бөліседі. Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, талдау жасай алады Кейбір оқушылар: кейіпкерге хат жазу барысында негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйенеді. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: араларынан қыл өтпейтін, таң сәріде тұрып, қайқайып Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Ертегідегі негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта оқы. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыста бір біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады. Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. | |||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Кейіпкерге хат жазу кезінде сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлемнің тыныс белгісін, қазақ тілі пәнімен байланысады. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Кейіпкерге хат жазып компьютермен email.ru почтасына жібереді. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Хат жазу үлгісін біледі, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату: «Терминдер» арқылы болжау әдісі. Нұсқау: сыныпқа сөздер салынған (әтеш, бұлбұл, өнер, сиқыршы) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын ертегі не жайында болатынын болжайды. Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, кейіпкерге хат жазып, ойымен бөліседі. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 4 Слайд № 2, 3 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-8 минут 9-19 минут 21-28 минут 29-36 минут |
(Ұ,Т). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы ертегінің тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді. Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды. 2-тапсырма (Ж) «Диалог-ертегі» әдісі. «Әтеш пен бұлбұл» ертегісіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта оқы. 1. Ертегіні бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған ертегіні бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды. 2. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім. 3-тапсырма (Т) Ертегінің негізгі ойын білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта. «Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі. 1. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған ертегінің негізгі ойын білдіріп тұрған мәтін бөлігін «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) айтады, кестені толтырады:
2. Содан кейін әр топ үлкен топқа өз ойларын ұсынады. Ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады. Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Ертегі мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады. Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады. 4-тапсырма (Ж) «Кейіпкерге хат жазу». Әтеш пен бұлбұлдың біреуіне хат жаз. 1.Оқушылар әтеш пен бұлбұлдың біреуін таңдап, еркін түрде хат жазады. 2.Өз ойымен бөліседі. Кейіпкер таңдайды. 3.Кейіпкерге хат жазады Саралау: жазу кезінде саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай хатты қағазға немесе компьютерге жазуға мүмкіндік береіледі. Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе. | Слайд № 5 Қосымша № 2 Слайд № 6 Қосымша № 1 Слайд № 7 Қосымша № 3 Слайд № 8 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | «Менің сөзім» Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың сабақ барысындағы жасалған іс –әрекетіне (дескрипторларға) сүйеніп қорытынды жасау қадағаланады. Нұсқау: Барлық оқушылар сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады. | Слайд № 9 | ||||||||||||||||||
Саралау. 1- тапсырмда «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы ертегінің тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді. 2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. 3-тапсырмада топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Ертегі мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады. 4-тапсырмада жазу кезінде саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай хатты қағазға немесе компьютерге жазуға мүмкіндік береіледі. | Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?